Жоба Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.04.05. № 368 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуінің саяси, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы 1. Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып табылады. 2. Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде: 1) мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы; 2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Конституциялық кеңесі, Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы және өзге орталық мемлекеттік органдары орналасқан жер. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде орналасуы мүмкін; 3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы "Ақорда" Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондары орналасқан жер;
2-бап. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнама 1. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен құралады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы астанасының рәміздерi Қазақстан Республикасы астанасының өз рәміздері бар: елтаңба, ту және гимн. Рәміздердің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін астананың мәслихаты айқындайды.
4-бап. Қаланың құрметті атақтары және ынталандырулары Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|