|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2006.29.05. № 464 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155 құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109 құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53 құжат; № 24, 153-құжат): 289-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жіберу туралы;"; мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын: "33-1-тарау. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу 308-1-бап. Өтініш беру 1. Азаматты мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жіберу туралы өтінішті оның отбасының мүшелері, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, ішкі істер органдары, прокурор, қамқоршылық және қорғаншылық органдары науқастың тұрғылықты жері бойынша сотқа береді. 2. Тұрақты тұрғын жайы жоқ азаматты емделуге мәжбүрлеп жіберу туралы өтінішті оның өтініш берген кезде тұрып жатқан жері бойынша ішкі істер органдары береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|