Қазақстан Республикасы Президентінің (2018.05.05. берілген өзгерістерімен)
ҚР Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат): 3-тармақтың 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі тұжырымдамасын,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1), 3-2), 8-1) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) елдің дамуындағы аса маңызды бағыттар бойынша стратегиялық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;»; «2-1) елеулі әлеуметтік-саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және өзге де салдарлармен байланысты дағдарысты жағдайлардың алдын алу жөніндегі жедел шешімдерді, соның ішінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі ұсынымдарды дайындау;»; «3-1) Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Әділет министрліктерінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау; 3-2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау;»; «8-1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;»; 3) тармақшада: «үйлестіру» деген сөзден кейін «, талдау, мониторинг жасау» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|