|
Екінші деңгейдегі банктердің «РЕПО», «кері РЕПО» операциялары туралы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктер қызметінің айқындылық дәрежесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған ««РЕПО» және «кері РЕПО» операциялары туралы есеп» нысаны (бұдан әрі - нысан) бекітілсін. 2. Банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) нысанды ұсынылатын деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта ұсынады. 3. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы нысанға банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қолдарын қояды әрі ол мөрмен бекітіліп, банктерде сақталады. Банктер уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей нысанды қағаз жазбада ұсынады. 4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз жазбадағы деректермен бірдей болуын банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етеді. 5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 6. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|