|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат): 9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтін тәртіппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткізуге;". 2. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын: "23-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқыту үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;"; 2) 13-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде: 2) тармақшадағы "осы Заңның 35-бабының 6-тармағында аталғандарға жатпайтын адамдар үшін" және "өткізіледі." деген сөздер алып тасталып, сөйлем соңына ";" деген тыныс белгісі қойылсын; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) осы Заңның 35-бабы 6-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына ағымдағы жылғы берілген сертификаттар баллдарының негізінде өткізіледі."; 3) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында жоғары кәсіптік білім алу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурстық негізде ие болуға құқығы бар."; 4) 26-баптың 2-тармағы "нысанында" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шетелдік жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысанында оқытуға жіберу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын; 5) 29-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: "6-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекітеді;"; мынадай мазмұндағы 16-3) тармақшамен толықтырылсын: "16-3) білім деңгейі (сатысы) және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланктеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;"; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "19) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;"; 7) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) білім және (немесе) біліктілік деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланктеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады, олармен жалпы негізгі және жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарын қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;"; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді."; 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды."; 9) 35-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "6. Қазақ тілінде және орыс тілінде оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері жыл сайын бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға жіберіледі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырудан босатылады. Білім беру гранттарын алу құқығы конкурсына қатысу үшін халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына сертификат Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы комиссиясының шешімі негізінде беріледі. Сертификаттардың баллдары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен шкала бойынша білім алушының жылдық бағасын аудару жолымен белгіленеді. Жалпы орта білім беретін оқу орындарын өткен жылдарда бітірушілердің, сондай-ақ бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырмаған, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқығандардың, ана тілінде (қазақ тілінен және орыс тілінен басқа) оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орындарын бітірушілердің, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілердің кешенді тестілеуді Yлгілік қабылдау ережелеріне сәйкес тапсыруға құқықтары бар."; 10) мынадай мазмұндағы 35-2-баппен толықтырылсын: "35-2-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету 1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді. 2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі белгіленген көрсеткіштер бойынша білім беру жүйесіндегі есепке алудың деректерін, білім беру мониторингінің деректерін және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтиды."; 11) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын: "45-бап. Білім беру ұйымдарының кәсіпкерлік қызметi 1. Білім беру ұйымдары жарғыға сәйкес кіріс келтіретін қызметпен айналыса алады. Қызмет көрсетулердің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Білім беру ұйымы осы қызметтен түсетін кірісті бөлу тәртібін өз жарғысына сәйкес дербес белгілейді. 2. Ақылы қызмет көрсетулерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетуге болмайды. 3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мынадай: 1) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту; 2) арнаулы курстар мен пән циклдарын қосымша оқыту; 3) жекелеген білім алушылармен оқу жоспары бойынша сағат санынан тыс пәндер бойынша жеке тәртіппен қосымша сабақтар өткізу; 4) оқушылардың пәндерді қосымша тереңдетіп зерделеуі (мемлекеттік жалпы міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламалары шеңберінен тыс); 5) балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған қосымша дене шынықтыру-сауықтыру бағдарламалары; 6) жазғы демалысты ұйымдастыру, соның ішінде мектеп жанындағы лагерьлерде ұйымдастыру; 7) үйірме қызметін ұйымдастыру (базистік оқу жоспары шеңберінен тыс); 8) білім алушылар арасында спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу, төрешілік жасау, медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру; 9) мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру; 10) кәсіптік бастауыш білімі бар мамандарды қайта даярлау; 11) музыкалық аспаптарды, техникаларды және басқа да жабдықтарды пайдалануға беру; 12) мемлекеттік білім беру мекемелерінің энергиялық қондырғылары мен қазандықтарынан берілетін жылу энергиясын жіберу; 13) оқу-қосымша, оқу-тәжірибе, қосалқы учаскелер мен шаруашылықтардың өнімдерін өндіру және сату; 14) оқу-әдістемелік әдебиетті сату; 15) білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету; 16) Интернет-байланыс қызметін көрсету бойынша ақылы қызмет көрсетулер ұсынуға құқылы. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің ақылы қызмет көрсетулерінің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 4. Мемлекеттік емес білім беру ұйымының білім беру қызметін, соның ішінде білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары шегінде іске асырғаны үшін ақы алуға құқығы бар. 5. Ақылы қызмет көрсетулерді ұсынудың тәртібі мен шарттары білім беру ұйымы мен білім алушының (оның заңды өкілдерінің) арасында жасасылатын ақылы қызмет көрсетулер шартында белгіленеді, оның үлгілік нысанын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді. 6. Жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік ретінде қарастырылады, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.". 3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат; 2005 ж., № 6, 7-құжат; № 23, 105-құжат): 27-1-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы "акциздік маркаларды" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 4-і. № 150-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |