«Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру Ережесін бекіту туралы» (2006.12.09. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласының Әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 2/425 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру рәсімінің үдірісін ретке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының Әкімдігі қаулы етеді: 1. Ұсынылған Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру Ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я. Заяцқа жүктелсін. 3. Осы қаулы күшіне мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енеді.
Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру туралы осы Ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласында азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық берудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында, сонымен қатар жер учаскелеріне құқық беруді ресімдеу кезінде мемлекеттік органдардың өзара бірлесіп іс-әрекет жасауын белгілеу мақсатында дайындалған.
2. Осы Ережеде төмендегі ұғымдар және терминдер қолданылады: Әкімдік - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы; жер учаскесін таңдау - нысаналы мақсатын және пайдалану тәртібін белгілеумен жер учаскесін анықтау; «АлматықалжерҒӨО» ЕМК - «Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорны; салушы (инвестор) - инвестициялық қызмет үшін жер учаскесін алуға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|