|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 3-баптың бірінші бөлігіндегі «Мемлекеттік халықаралық маршруттар желісіне белгіленген тәртіппен енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін тізбеге сәйкес қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы магистральдық темір жол желілері, республикалық автомобиль жолдары, олардың бойындағы инженерлік құрылыстарды қоса,» деген сөздер «Магистральдық темір жол желілері, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары,» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат): 1) 1-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын; 2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессияға берілуі мүмкін."; 1-тармақтағы "басқа да заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: «келісімдер» деген сөз «шарттар» деген сөзбен ауыстырылсын; «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; «жеке және» деген сөздер алып тасталсын; «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын; «Жалпыға ортақ пайдаланылатын» деген сөздер «Концессияға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын» деген сөздермен ауыстырылсын"; 1-тармақ «жол органдарының» деген сөздерден кейін «немесе концессионерлердің» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «жол органдары» деген сөздерден кейін «немесе концессионер» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 10-баптың 1-тармағындағы «тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегіндегі жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша, жол органдары белгіленген» деген сөздер «жол органдарымен немесе концессионермен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегіндегі жергілікті атқарушы органдар белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 11-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ жүріп өту үшін алым ставкаларын бекіту;"; 14) тармақша «сатып алу туралы» деген сөздерден кейін «және концессиялар туралы» деген сөздермен толықтырылсын; 16) тармақшадағы «ақылы учаскелерін құру» деген сөздер «учаскелерін концессияға беру» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша «сатып алу туралы» деген сөздерден кейін «және концессиялар туралы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін ставкалардың мөлшерін әзірлеу;»; 1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Концессионерлердің автомобиль жолдары учаскелерінің концессиясы шартына байланысты шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.«. 3. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Магистральдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейіннен пайдалану концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.«. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі. № 168-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |