Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 652 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытуға және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттары
Р/с №№ | Посттың атауы | Облыстың немесе қаланың атауы | Автожолдың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жақсы | Ақмола | Екатеринбург - Алматы, 913 км |
2. | Бурабай | Ақмола | Астана - Петропавл, 241 км |
3. | Еркін | Алматы | Алматы - Өскемен, 270 км |
4. | Қарабұтақ | Ақтөбе | Самара - Шымкент, 960 км |
5. | Қобда | Ақтөбе | Орал - Ақтөбе, 612 км |
6. | Темір | Ақтөбе | Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 135 км |
7. | Атырау | Атырау | Орал - Атырау, 487 км |
8. | Семей | Шығыс Қазақстан | Омск - Майқапшағай, 751 км |
9. | Қордай-1 | Жамбыл | Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы -Қорғас, 216 км |
10. | Күйік | Жамбыл | Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы -Қорғас, 278 км |
11. | Шығанақ | Жамбыл | Екатеринбург - Алматы, 2061 км |
12. | Ақжайық | Батыс Қазақстан | Орал - Атырау, 126 км |
13. | Молодежный | Қарағанды | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1040 км |
14. | Заречный | Қарағанды | Екатеринбург - Алматы, 1497 км |
15. | Жезқазған | Қарағанды | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км |
16. | Денисовский | Қостанай | Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км |
17. | Арал | Қызылорда | Самара - Шымкент, 1352 км |
18. | Ақтай | Қызылорда | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км |
19. | Жаңақорған | Қызылорда | Самара - Шымкент, 1996 км |
20. | Ақтау | Маңғыстау | Ақтау халықаралық теңіз порты |
21. | Бейнеу | Маңғыстау | Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км |
22. | Ленинский | Павлодар | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км |
23. | Батыс | Солтүстік Қазақстан | Жезқазған - Петропавл, 673 км |
24. | Қызылту | Оңтүстік Қазақстан | Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км |
25. | Қызылжар | Астана қаласы | Екатеринбург - Алматы, 1278 км |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |