|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 44, 559-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: «Кәсіби білім беру» деген 4-бөлімнің реттік нөмірі 32-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін Қазақстанның 3 мың азаматын озық шетелдік жоғары оқу орындарына жіберу»; «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы» деген 7-бөлімде: реттік нөмірі 64-жол алынып тасталсын; «Жиыны:» деген жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «148 735,2 2005 ж. - 41 392,7 2006 ж. - 53 497,3 2007 ж. - 53 845,2 89 530,4 2005 ж. - 23 370,3 2006 ж. - 34 020 2007 ж. - 32 140,1 59 204,8 2005 ж. - 18 022,4 2006 ж. - 19 477,3 2007 ж. - 21 705,1». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |