|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 10 маусымдағы № 723 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қол жүгін, теңдеме жүкті, жүкті, поштаны, борт тағамын, әуе кемесінің экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 маусымдағы № 723 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 28, 241-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесін бекіту туралы»; кіріспедегі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 Заң күші бар Жарлығын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңын» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қоса беріліп отырған Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қол жүгін, теңдеме жүкті, жүкті, поштаны, борт тағамын, әуе кемесінің экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудің Ережелерінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесі»; бүкіл мәтін бойынша «бақылау,», «бақылау мен», «бақылауды,» деген сөздер алынып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтіндегі «Бақылау мен тексеру», «Бақылау мен тексеруді» деген сөздер тиісінше «Тексеру», «Тексеруді» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацта: «Қол жүгін, теңдеме жүкті, жүкті, поштаны, борт тағамын, әуе кемесінің экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудің Ережелері» деген сөздер «Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесі» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі авиажелілердегі тексеруді әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) қызметкерлері, халықаралық авиажелілерде өздерінің құзыретіне сәйкес әуежайлардың АҚҚ қызметкерлері, Қазақстан Республикасы кеден және шекара органдарының қызметкерлері жүргізеді.»; «мемлекеттік көлік басқармасының органы» деген сөздер «өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық және экспериментальды авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен,» деген сөздер алынып тасталсын; «Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетімен» деген сөздер «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қол жүгін, теңдеме жүкті тексеру және жолаушылардың жеке басын тексеру ұшуға арналған билетті көрсеткеннен кейін жүргізіледі. Жолаушыларды тексеру кезінде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттарын және олардың тасымалдау құжаттарына сәйкестігін тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады. Тексеру пунктінде жолаушыларды және олардың қол жүгін (теңдеме жүгін) тексеруді АҚҚ тексеру бөлімшесінің саны кемінде төрт адамы жүргізеді. Әуежайдың (авиакомпанияның) тиісті қызметтерінің қызметкерлері жолаушылар мен теңдеме жүкті тіркеу кезінде және жолаушыларға қызмет көрсетуде қолданылатын схемаға байланысты жолаушылар мен теңдеме жүкті тексеру кезінде жолаушыға тиесілі емес теңдеме жүкті тіркеуді болдырмау мақсатында жолаушылардан теңдеме жүктің тиесілігі туралы сұрау жүргізіледі. Теңдеме жүктің жолаушыға тиесілігінің сәйкес келмеуі фактісі анықталған, сондай-ақ теңдеме жүкке бөгде адамдардың қол жеткізуі туралы деректер алынған жағдайда, теңдеме жүкті неғұрлым мұқият тексеру үшін әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесі дереу хабардар етіледі. Жүк бөлімінде тасымалданатын теңдеме жүктің тиесілігін анықтау және оны тиеуге рұқсат беру Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2002 жылғы 6-басылымы - «Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылықтың» 27-қосымшасына сәйкес орындалады. Жолаушылардың жеке басын және олардың қол жүгін қолмен іріктеп тексеру авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шара ретінде жүргізілуі мүмкін. Жолаушылардың жеке басын тексеру мен олардың қол жүгін қолмен тексеру тексеруге арналған жабдық болмаған немесе жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ техникалық тексеру құралдары арқылы әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екендігі туралы куәландыратын пішіндер мен өзге де деректер табылған кезде жүргізіледі. Қалыпты жағдайда әр рейс жолаушыларының жалпы санының кемінде 10 % жолаушылар мен қол жүгіне тексеру жүргізіледі. Заңсыз араласу актілерінің жүзеге асырылу қаупі немесе заңсыз араласу актілеріне байланысты жағдайды реттеу кезінде әуежайда авиациялық қауіпсіздікті арттыру жөнінде қосымша шаралар қажет болған жағдайда қолмен тексерілетін жолаушылардың пайыздық қатынасы уәкілетті органмен келісім бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясының шешімімен белгіленеді. Қол жүгін, теңдеме жүгін және жеке басын тексертуден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді. Қауіпсіздік мақсатында тексеру кезінде азаматтық авиация ұйымдары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2002 жылғы 6-басылымы - «Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылықтың» 4.2 «Жолаушыларды және қол жүгін тексеру», 4.3 «Тексеруден өткен жолаушыларды бақылау», 4.5 «Жүк бөлімінде тасымалданатын теңдеме жүк», 4.6 «Авиажүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары», 4.7 «Борттағам, ілеспе құралдар мен бортқорлардың қауіпсіздігі» бөлімдерін, 22 «Жолаушыларды және қол жүгін тексеру», 23 «Жолаушылар ағынына қызмет көрсету және қауіпсіздік мақсатында тексеру», 25 «Авиажүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары», 26 «Борттағам мен бортқорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарын басшылыққа алады. Әуежайлардың басшылары және АҚҚ басшылары тексеруді ұйымдастыруға жауапты болады.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: «Тасымалдауға тыйым салынған барлық қауіпті заттар мен бұйымдарды алып жүруге шек қойылады, ал олар табылған жолаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беріледі. Тасымалдауға тыйым салынған барлық қауіпті заттар мен бұйымдарды одан әрі алып жүруге шек қойылады, жолаушыны шығарып салушы адамдарға беріледі немесе олар болмаған кезде әуежайдың АҚҚ есепке алады және оларды кейіннен алып қою үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беріледі. Жіберілген және трансферлік теңдеме жүкті тексеру әуежайға келгенде әуе кемелерінің бортына жіберер алдында не әуежайдың қойма (не өзге) үй-жайларына орналастырар алдында жүргізіледі.»; 6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жолаушы болмағанда теңдеме жүкті ашу қажеттігіне байланысты теңдеме жүкті тексеру әуежайлар басшыларының, олардың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасарларының, АКҚ бастықтарының, әуежайдың (қалалық аэровокзалдың) АҚҚ тексеру бөлімшелері, осы қызметтің ауысымдары, әуежайларда орналасқан көлік полициясы бөлімшелері бастықтарының, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдарының бөлімшелері бастықтарының дәлелді шешімі (жазбаша түрде баяндалған) бойынша жүргізіледі.»; 7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Жолаушылардың жеке басын тексеруді жүргізер алдында әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесінің мамандары журналда күнін, рейс нөмірін, тексеру жүргізілген уақытты, жолаушының тегін, атын, әкесінің атын, оның азаматтығын, жеке куәлігінің (паспортының) нөмірін, тұрғылықты жерін, сондай-ақ тексеру жүргізуге қатысқан барлық адамдардың тегін, лауазымдарының толық атауын және оның нәтижелері туралы актінің нөмірін көрсете отырып, тіркеуді жүргізеді.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жолаушылардың жеке басын тексеруге және жолаушы болмағанда теңдеме жүкті ашу қажеттігіне байланысты теңдеме жүкті тексеруге осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша әуежайдың АҚҚ тексеру және қауіпсіздік бөлімшелері аға инспекторларының (инспекторларының), көлік полициясы бөлімшелері лауазымды адамдарының, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдарының бөлімшелері лауазымды адамдарының да құқығы бар. 9. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың тапсыруы бойынша қол жүгі мен теңдеме жүкті жолаушының қатысуымен тексеруді әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, инспекторлары, кіші инспекторлары, тексеру агенттері, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдары бөлімшелерінің лауазымды адамдары да жүргізеді.»; бірінші абзацтағы «авиакәсіпорындарының» деген сөз «әуежайдың және авиакомпанияның» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «авиакәсіпорын», «міндетті» деген сөздер тиісінше «авиакомпания», «тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |