|
«Тұрғын үйді ұстау жөніндегі жұмсалған шығынның мөлшерін белгілеу туралы» (2006.08.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 4/910 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын, Коммуналдық қызмет көрсету Ережесін, Алматы қаласының аумағын көріктендіру, санитарлық тазалықта ұстау және тазалықты ұйымдастыру Ережесін және басқа нормалық құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, Алматы қалалық Әкімшілігі қаулы етеді: Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002.22.11. № 5/749; 2004.29.06. № 3/523 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызмет көрсететін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде, сондай-ақ жеке жай (пәтер) иелерінің үйлерінде тұрғын үйді ұстау төлемі айына үйдің пайдалы алаңынан 1 шаршы метріне 11 теңге 38 тиын болып белгіленсін, сондай-ақ айына әрбір газ қондырғысына үйдің ішіндегі газ қондырғысына қызмет көрсетілгені үшін әрбір газ қондырғысынан 15 теңге мөлшерінде қосымша төлем белгіленсін. 2. Жоғарыда аталған тұрғын үй қорында, сондай-ақ тұрғын үй жайлар жеке меншіктегі азаматтардың үйлерінде және меншік иелері кооперативтері меншігіндегі үйлерінде жылу жүйелеріне, элеваторлық тетіктерге, ыстық және суық су құбырларына, электрмен жабдықтау жұмысына техникалық қызмет түрлерін тиянақты өткізуді тікелей коммуналдық қызмет көрсетушілер заңда белгіленген шарттарда және тәртіпте өткізеді. 3. Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің департаменті (Н.Ш.Алдабергенов) тарифтен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудағы контейнерлерді шығару мен иелену, контейнерлер мен контейнерлік алаңдарды тазалауға арналған шығындарды алып тастасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|