Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Корпорациялық табыс салығы
1. Осы ережелер жер қойнауын пайдаланушы - резидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың кірістерді мәлімдеуге және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (160-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (160.01-тен 160.41 нысандар бойынша) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. 8. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде тиісті қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштері көрсетіледі. 9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі. 10. Декларацияны беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырыс хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымның хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|