|
«Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі № 3/885 қаулысымен күші жойылды
2000 жылғы 14 сәуірдегі «Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу жолымен жекешелендіру туралы» № 243 шешімнің 1 пунктін орындау және сатылатын тұрғын үйлердің құнын анықтау методикасын әзірлеу мақсатында Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу үшін, оның құнын анықтау методикасы» бекітілсін және іске асырылсын (№ 1 қосымша). 2. Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу шартының нысаны бекітілсін (№ 2 қосымша). 3. Тұрғын үй департаментіне (Ш. Бекбатыров) қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі шартты бекіткен кезде, осы методиканы басшылыққа алу тапсырылсын. 4. Аталған шешімнің орындалуын қадағалау қала Әкімінің орынбасары Қ. Жаңбыршинге жүктелсін.
2000 жылғы 11 қазандағы № 961 шешіміне № 1 қосымша
Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді сатып алу үшін оның құнын анықтау МЕТОДИКАСЫ
І. Жалпы ереже
Осы методика Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі «Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді сатып алу жолымен жекешелендіру туралы» № 243 шешіміне сәйкес қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйінде тұратын азаматтарға мейлінше үлкен көмек көрсету, азаматтардың тұрғын үйге құқығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|