|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы (2007.06.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдар, көлік құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін кезде оларды өткізу пункттерінде бақылауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықта: 23-тармақта: 1) тармақшадағы «жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимінің есебін тіркеу парағының,» деген сөздерден кейін «тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және/немесе автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы «рұқсат қағазы» деген сөздерден кейін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы және/немесе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |