«Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы»
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007.24.04. № 123-Ө Бұйрығымен күші жойылды
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабындағы 12-2-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 178-ө өкімін орындауда, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымша берілген өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ереже бекітілсін. 2. Табиғатты қорғауды бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң өз күшіне енеді.
Министрдің м.а.
Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 3 тамыздағы № 258-Ө бұйрығымен бекітілген
Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі
1. Жалпы ережелер
1. Осы өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) табиғатты пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады: 1) табиғатты пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган беретін табиғатты пайдалануға рұқсат негізінде (бұдан әрі - рұқсат), қоршаған ортаға ластаушы шығарындылар мен төгінділерге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|