Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы (2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады. 3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 08.08.2006 ж.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 253 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|