|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында: 02 «Қаржылық қызмет» ішкі функциясында: 600 «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» әкімшісі бойынша: 001 «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша: 001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «727974» деген сандар «1352260» деген сандармен ауыстырылсын; 009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасы бойынша «678066» деген сандар «53780» деген сандармен ауыстырылсын. 2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында: көрсетілген қаулыға 368-1-қосымшада: 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 2-жолдың бірінші абзацындағы «Үй-жайды жалдау ақысын төлеу.» деген сөздерден кейін «Әкімшілік ғимарат сатып алу.» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 4-жолдағы «Кабинеттерді» деген сөз «Автокөлік, кабинеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 5-жолда: «Ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «Бағдарламалық өнімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс істеу үшін бағдарламалық өнімдер сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту. Агенттіктің жабдығы мен желілеріне, серверлік үй-жай жүйелерін, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтарға техникалық және жүйелік қызмет көрсету. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бағдарламалық өнімдерді алу және сүйемелдеу» деген сөздер «Бағдарламалық өнімдер сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын; «Есептеу» деген сөз «Жүйелік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу, есептеу» деген сөздермен ауыстырылсын; «активті желілік» деген сөздер «перифериялық» деген сөздермен ауыстырылсын; «қосалқы бөлшектер» деген сөздер алынып тасталсын; «Жабдықты бөлшектеу/монтаждау бойынша қызметтер, жөндеу, жабдықты жеткізу бойынша ілеспе қызметтер алу» деген сөздер алынып тасталсын; «және VPDN» деген сөздер алынып тасталсын; «Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта: бірінші абзацтағы «78» деген сандар «100» деген сандармен ауыстырылсын; үшінші абзацта: «9420» деген сандар «13522,6» деген сандармен ауыстырылсын; «33» деген сандар «25,75» сандармен ауыстырылсын; «366,5» деген сандар «285,87» сандармен ауыстырылсын; «; Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне орташа ақы төлеу - 7937,5 мың теңге» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |