«Алматы қаласы әкімдігінің жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерін (2008.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы «Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктерін тіркеу Ережесін бекіту туралы» № 477 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді: 1. Алматы қаласы әкімдігінің жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерін тіркейтін комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) құрылсын. 2. Ұсынылып отырған мыналар бекітілсін: 1) Комиссия туралы Ереже; 2) Комиссия құрамы. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 6/1089 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімдігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркейтін комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Алматы қаласы әкімдігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркейтін комиссиясының (әрі қарай - Комиссия) жұмысын ұйымдастырудың және қызметін реттеудің жайын айқындайды. 2. Комиссияны Алматы қаласының әкімдігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу мақсатында құрады. 3. Комиссия өз қызметінде осы Ережені, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
4. Жұмыс органының функциясы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне жүктеледі. Алматы қаласы әкімдігінің 2008.11.01. № 1/35 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Комиссияны Алматы қаласы әкімінің, кэсіпкерлікке жетекшілік етуші орынбасары басқарады. Комиссияның кұрамына Алматы қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқару органдарының басшылары, сондай-ақ жұмыс органының қызметкерлері кіреді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|