Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру
бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө Өкімі
(2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептеріне талдау жүргізу және оны еңсеру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу мақсатында:
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1703 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары |
Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры, Заң департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Сәбден Оразалы Сәбденұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңдиректоры |
Мырзабеков Жанат Ғайноллаұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы Стратегиялық талдау департаментінің директоры (келісім бойынша); |
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Бахмутова Елена Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы (келісім бойынша) |
Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Марченко Григорий Александрович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша) |
Қожахметов Жанат Мұратұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары |
Раев Нұрбек Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1703 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |