|
|
|
XV бөлім
Қымбат бағалы емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар (2007.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ескертпелер: 1. Аталған бөлімге: а) металл қабыршықтары немесе ұнтақ негізінде жасалған дайын бояулар, сиялар немесе басқа да бұйымдар (3207-3210, 3212, 3213 немесе 3215 тауар позициялар); б) ферроцерий немесе өзге де пирофор қорытпалары (3606 тауар позициясы); в) 6506 немесе 6507 тауар позициясындағы бас киімдер немесе олардың бөліктері; г) 6603 тауар позициясындағы қолшатырлардың арқауы немесе басқа да бұйымдар; д) 71-топтың тауарлары (мысалы қымбат бағалы металдардың қорытпалары қымбат бағалы металдар жалатылған қымбат бағалы емес металдар, бижутерия); е) XVI бөлімнің бұйымдары (машиналар, жабдықтар, механикалық құрылғылар және электр тауарлары); ж) темір жол немесе трамвай жолдарының жинақтық бөлшектері (8608 тауар позициясы) немесе XVII бөлімнің басқа да бұйымдары (көлік құралдары, кемелер және қайықтар, ұшу аппараттары); з) XVIII бөлімнің приборлары немесе аппаратурасы, соның ішінде сағаттардың барлық түрлеріне арналған серіппелер; и) оқ-дәрілерге арналған қорғасын бытыралары (9306 тауар позициясы) немесе XIX бөлімнің басқа да бұйымдары; к) 94-топтың бұйымдары (мысалы, жиhаз, матрацтық негіздер, шамдар мен жарықтандыру жабдықтары жарықтық маңдайша жазулары, жиналмалы құрылыс конструкциялары); л) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорт мүкәммалы); м) 96-топтың қол елеуіштері, түймелер, жазуға арналған қаламдар, қаламсаптарға арналған ұстауыштар, қаламдарға арналған қауырсындар немесе 96-топтың өзге де бұйымдары (әр түрлі дайын бұйымдар); немесе н) 97-топтың бұйымдары (мысалы, өнер туындылары) енгізілмейді. 2. Бүкіл Номенклатурадағы "жалпы мақсаттардағы бөліктер" термині: а) 7307, 7312, 7315, 7317 немесе 7318 тауар позициясындағы бұйымдарды және өзге де қымбат бағалы емес металдардан жасалған ұқсас бұйымдарды; б) сағаттардың барлық түрлеріне арналған серіппелерден басқа, қымбат бағалы емес металдардан жасалған серіппелерді, рессорлар мен оларға арналған табақтарды (9114 тауар позициясы); және в) 8301, 8302, 8308, 8310 тауар позициясындағы бұйымдарды, сондай-ақ 8306 тауар позициясындағы қымбат бағалы металдардан жасалған жақтаулар мен айналарды білдіреді. 73-76 және 78-82-топтардағы (7315 тауар позициясындағы тауарлардан басқа) тауарлардың бөліктеріне сілтемелер жоғарыда айқындалған жалпы мақсаттағы бөліктерге сілтемелерді қамтымайды. Алдыңғы абзацтың және 83-топқа 1-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, 82 немесе 83-топқа енгізілген бұйымдар, 72-76 және 78-81-топтарынан шығарылады. 3. Бүкіл Номенклатурадағы «қымбат бағалы емес материалдар» термині қара металдарды (темір, шойын және болат), мыс, никель, алюминий, қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден, тантал, магний, кобальт, висмут, кадмий, титан, цирконий, сүрме, марганец, бериллий, хром, германий, ванадий, галлий, гафний, индий, ниобий (колумбий), рений және талий металдарын білдіреді. 4. Бүкіл Номенклатурадағы «қыш металы» термині микроскопиялық металл және қыш құрамдас бөліктерінің геторогендік қоспасынан тұратын материалдарды білдіреді. Бұл термин сондай-ақ піскен карбид металдарына да жатады (металмен піскен карбид металдары). 5. Қорытпалардың жіктелуі (72 және 74-топтарда көрсетілген ферроқорытпалардан және лигатурадан басқа): а) қымбат бағалы емес металдардың қорытпасы салмағы бойынша мөлшері кез келген басқа металдың мөлшерінен асып түсетін металдардың қорытпалары сияқты жіктеледі; б) аталған бөлімге енгізілген қымбат бағалы емес металдардың және аталған бөлімге енгізілмейтін элементтердің қорытпалары, егер тиісті металдардың салмағы осы қорытпадағы басқа элементтердің жалпы салмағына тең болса немесе асып түссе, онда аталған бөлімнің қымбат бағалы емес металдарының қорытпалары сияқты жіктеледі; в) аталған бөлімдегі «қорытпалар» термині еріту (қыш металдардан басқа), және интерметалдық қосылыстар жолдарымен алынған металл ұнтақтарының піскен қорытпаларына, геторогендік біртектілі қорытпаларына және интерметалдық қосылыстарға жатады. 6. Егер мәтінде өзгеше келісілмесе, Номенклатурадағы қандай да бір қымбат бағалы емес металға кез келген сілтеме жоғарыда көрсетілген 5-ескертпеге сәйкес осы металдың қорытпасы ретінде жіктелуге тиіс болатын қорытпаларға сілтемелерді қамтиды. 7. Композициялық бұйымдардың жіктелуі: екі немесе одан да көп металды қамтитын қымбат бағалы емес металдардан жасалған бұйымдар (оның ішінде Номенклатураны интерпретациялаудың негізгі ережелеріне сәйкес қымбат бағалы емес металдан жасалған бұйымдар ретінде жіктелетін аралас металдардан жасалған), арнайы келісім болатын жағдайларды қоспағанда, салмағы бойынша басым қымбат бағалы емес металдан жасалған бұйымдар ретінде жіктеледі. Аталған ескертпелердің мақсаттары үшін: а) әр түрлі қара металдарды нақ сол металл ретінде қарастыру қажет; б) қорытпа, аталған бөлімнің 5-ескертпесіне сәйкес бір металл бойынша жіктеледі; в) 8113 тауар позициясына енгізілетін қыш металы, бірыңғай қымбат бағалы емес металл ретінде жіктеледі. 8. Аталған бөлімдегі мына терминдер: а) «қалдықтар мен сынықтар» - өндіріс немесе металдарды механикалық өңдеу процесінде алынған металдың қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ сыну, кесілу, тозу немесе басқа да себептерінің салдарынан өздерінің тиістілі сапасында пайдалану үшін мүлдем жарамсыз металл бұйымдарын; б) «ұнтақтар» бұйымдардың 90 салм.% немесе одан да көп ұяшықтары 1 мм мөлшеріндегі елеуіш арқылы еленетін бұйымдарды білдіреді.
72-топ Қара металдар
Ескертпелер: 1. Аталған топта, ал 1г, 1д, және 1е-ескертпелері жағдайында - бүкіл Номенклатура бойынша төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді: а) «қолданбалы шойын» - соққылауға жарамайтын, құрамында 2 салм.%-дан астам көміртегі бар және мынадай шектердегі бір немесе одан да көп басқа элементтерді қамтуы мүмкін темірдің көміртегімен қорытпасы: - 10 салм. %-дан аспайтын хром, - 6 салм. %-дан аспайтын марганец, - 3 салм. %-дан аспайтын фосфор, - 8 салм. %-дан аспайтын кремний, - тұтастай алғанда 10 салм. %-дан аспайтын басқа да элементтер; б) «жалтыр шойын (шпигель)» - құрамында 6 салм. %-дан астам, бірақ 30 салм.%-дан аспайтын марганец бар, ал басқа компоненттер бойынша жоғарыда аталған ескертпенің (а) тармағындағы шарттарға сәйкес келетін темір мен көміртегінің қорытпасы; в) «ферроқорытпалар» - үздіксіз құю нәтижесінде алынған, құйымдар, дөңбектер, кесектер немесе басқа да бастапқы нысандар, сондай-ақ агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, әдетте басқа қорытпаларды өңдеу кезінде қоспа ретінде немесе тотықтырғыштар, дисульфаторлар ретінде немесе қара металлургияда басқа да ұқсас мақсаттар үшін пайдаланылатын және әдетте соққылауға жарамсыз құрамында 4 салм.% немесе одан да көп темір мен мынадай қатынастардағы төменде келтірілген элементтердің бірі немесе одан да көбі бар түйіршіктер немесе ұнтақтар нысанындағы қорытпалар: - 10 салм.% астам хром, - 6 салм.% астам марганец, - 3 салм.% астам фосфор, - 8 салм.% астам кремний, - 10 салм.%-дан аспайтын мыс мөлшерінің болуы шартымен көміртегін қоспағанда, 10 салм.%-дан аспайтын сомадағы басқа да элементтер; г) «болат» - соғылғыштық қасиеті бар және құрамында 2 салм.% немесе одан аз көміртегі бар, 7203 тауар позициясында аталғандардан басқа темір негізіндегі қорытпалар, (құймалар нысанында дайындалатын, жекелеген түрлерін қоспағанда). Алайда, хромды болаттардың құрамында көміртегінің жоғарырақ пайызы болуы мүмкін; д) «тот басуға төзімді болат» - құрамында 12 салм.% немесе одан да аз көміртегі және басқа элементтер болған жағдайда немесе оларсыз 10,5 салм.% немесе одан да көп хромы бар легирленген болат; e) «легирленген болаттың басқа да түрлері» - коррозияға төзімді болат айқындамасына жатпайтын және құрамында төменде келтірілген мынадай қатынастардағы элементтері бар болаттар: - 0,3 салм.% немесе одан да көп алюминий, - 0,0008 салм.% немесе одан да көп хром, - 0,3 салм.% немесе одан да көп кобальт, - 0,4 салм.% немесе одан да көп мыс, - 0,4 салм.% немесе одан да көп қорғасын, - 1,65 салм.% немесе одан да көп марганец, - 0,08 салм.% немесе одан да көп молибден, - 0,3 салм.% немесе одан да көп никель, - 0,06 салм.% немесе одан да көп ниобиян, - 0,6 салм.% немесе одан да көп кремнийдің, - 0,05 салм.% немесе одан да көп титан, - 0,3 салм.% немесе одан да көп вольфрам, - 0,1 салм.% немесе одан да көп ванадий, - 0,05 салм.% немесе одан да көп цирконий, - жеке алынған, 0,1 салм.% немесе одан да көп басқа да элементтер (күкірттен, фосфордан, көміртегінен және азоттан басқа); ж) «қайта қорытуға арналған қара металдардың құймалары (шикіқұрамды құймалар)» - құю пайдасынсыз құймалар немесе литниктер нысанында немесе құйымдар нысанында тұрпайы құйылған, айқын көрінетін беттік ақаулары бар және химиялық құрамы бойынша қолданбалы шойыннан, жалтырақ шойыннан немесе ферроқорытпалардан ерекшеленетін бұйымдар; з) «түйіршіктер» - ұяшығының мөлшері 1 мм елек арқылы өткізілетін 90 салм.%-дан кем және ұяшығының мөлшері 5 мм елек арқылы өткізілетін 90 салм.%-дан асатын бұйымдар; и) «жартылай фабрикаттар» - үздіксіз құю нәтижесінде алынған, алғашқы ыстықтай илектеуге ұшырамаған немесе ұшыраған тұтас қималы бұйымдар; және бұрыштықтарға арналған дайындамаларды, фасондық немесе арнайы профильдерді қоса алғанда, бастапқы ыстықтай басылғаннан немесе соғу жолымен тұрпайы пішіндеуден басқа өзгедей өңдеуге ұшырамаған тұтас қимадағы өзге де бұйымдар. Бұл бұйымдар рулондармен жеткізілмейді; к) «тегіс илек» - жоғарыда көрсетілген (и) тармағының айқындамасына жатпайтын және мынадай: - жүйелі оралған қабаттардағы рулондар, немесе - қалыңдығы 4,75 мм кезінде кемінде дегенде қалыңдығынан 10 есе асатын ені бар, ал қалыңдығы 4,75 мм немесе одан астам кезінде 150 мм-ден асатын және кемінде екі қалыңдықтан тұратын ені бар беттер түрінде шығарылатын тұтас тік бұрышты (шаршыдан басқа) жаншылған бұйымдар. Тегіс илекке илектеу нәтижесінде алынған рельефті беті бар (мысалы, атыздары, шығыңқылары, клеткалары, ромбтары бар) бұйымдар немесе олардың бұл жағдайда басқа тауар позицияларына енгізілетін бұйымдардың қасиеттерін қабылдамауы шартымен перфорирленген, гофрирленген немесе жалтыратылған бұйымдар енгізіледі. Кез келген мөлшердегі тік бұрыш немесе шаршыдан ерекшеленетін нысаны бар тегіс илек, бұл жағдайда оның басқа тауар позициялары бұйымдарының қасиеттерін иеленбеуі шартымен, ені 600 мм немесе одан да астам ені бар бұйым ретінде жіктеледі; л) «еркін оралған орамдардағы ыстық жаншылған шыбықтар» - шеңберлер, сопақшалар, тік бұрыштар (шаршыны қоса алғанда), теңқабырғалы үшбұрыштар немесе басқа да дөңес көп бұрыштар (олардың екі қарама-қарсы жақтары дөңес доғаларды, ал қалған екеуі ұзындығы бойынша тең тік сызықты және параллель «қабыстырылған шеңберлерді» және «түрі өзгертілген тікбұрыштарды» қоса алғанда) түріндегі тұрақты тұтас көлденең қимасы бар еркін оралған орамдардағы ыстық жаншылған бұйымдар. Бұл бұйымдарда илектеу процесінде алынған ойыстар, шығыңқылар, атыздар немесе басқа да деформациялар (арматуралық өзектер) болуы мүмкін; м) «өзге де шыбықтар» - жоғарыда келтірілген (и), (к) және (л) тармақтарындағы айқындамалардың бір де біреуіне жатпайтын немесе бүкіл ұзындығы бойынша шеңберлер, шеңберлік сегменттер, сопақшалар, тік бұрыштар (шаршыны қоса алғанда), теңқабырғалы үшбұрыштар немесе басқа да дөңес көп бұрыштар (олардың екі қарама-қарсы жақтары дөңес доғаларды, ал қалған екеуі ұзындығы бойынша тең тік сызықты және параллель «қабыстырылған шеңберлерді» және «түрі өзгертілген тікбұрыштарды» қоса алғанда) түріндегі бірдей тұтас көлденең қимасы бар сымдардың айқындамасына жатпайтын бұйымдар. Бұл бұйымдарда: - илектеу процесінде алынған ойыстар, шығыңқылар, атыздар немесе басқа да деформациялар (арматуралық өзектер) болуы; - илектегеннен кейін бұратылуы мүмкін; н) «бұрыштықтар, пішіндік және арнайы профильдер» - бүкіл ұзындығы бойынша бірдей тұтас қимасы бар, (и), (к), (л) және (м) тармақтарындағы айқындамалардың бір де біреуіне немесе сым айқындамасына жатпайтын бұйымдар. Аталған топқа 7301 немесе 7302 тауар позициясының бұйымдары енгізілмейді. о) «сым» - тегіс илек айқындамасына жатпайтын, бүкіл ұзындығы бойынша кез келген бірдей тұтас қимасы бар, суық деформацияланған орамдардағы бұйымдар; п) «бұрғылау жұмыстарына арналған бос денелі шыбықтар» - көлденең қимасының ең үлкен сыртқы мөлшері 15 мм-ден астам, бірақ 52 мм-ден аспайтын, ал ең үлкен ішкі мөлшері ең үлкен сыртқы мөлшерінің 1/2-нен аспайтын бұрғылау жұмыстары үшін жарамды кез келген көлденең қимадағы бос денелі шыбықтар. Бұл айқындамаға сәйкес келмейтін қара металдардан жасалған бос шыбықтар 7304 тауар позициясына енгізіледі. 2. Басқа қара металмен қапталған қара металдар салмағы басым қара металдан жасалған бұйым ретінде жіктеледі. 3. Электролиттік тұндыру қысыммен немесе күйежентектеумен құю әдісімен алынатын қара металдардан жасалған бұйымдар аталған топтың ұқсас ыстық жаншылған бұйымдары үшін көзделген тауар позицияларында олардың нысаны, құрамы және сыртқы түрі бойынша жіктеледі. Қосалқы позицияларға ескертпелер: 1. Аталған топта төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді: а) «легирленген қолданбалы шойын» - құрамында төменде келтірілген элементтердің бір немесе одан да астамы бар мынадай қатынастардағы шойын: - 0,2 салм.%-дан астам хром, - 0,3 салм.%-дан астам мыс, - 0,3 салм.%-дан астам никель, - кез келген мынадай элементтердің 0,1 салм.%-дан астамы: алюминий, молибден, титан, вольфрам, ванадий; б) «легирленбеген автоматты болат» - құрамында төменде келтірілген элементтердің бір немесе одан да астамы бар мынадай қатынастардағы легирленбеген болат: - 0,08 салм.% немесе одан да көп күкірт, - 0,1 салм.% немесе одан да көп қорғасын, - 0,05 салм.% астам селен, - 0,01 салм.% астам теллур, - 0,05 салм.% астам висмут; в) «кремнийлі электр-техникалық болат» - құрамында 0,6 салм.%-дан кем емес, бірақ 6 салм. %-дан аспайтын кремний және 0,08 салм.%-дан аспайтын көміртегі бар легирленген болаттар. Сондай-ақ олардың құрамында 1 салм.%-дан аспайтын алюминийдің болуы, бірақ аталған болатқа легирленген болаттың басқа түрінің қасиеттерін бере алатын қатынастардағы қандай да бір басқа элемент болмауға тиіс; г) «жылдам кескіш болат» - құрамында 0,6 салм.% немесе одан да көп көміртегі және 3-тен 6-ға дейін салм.% хромы бар олардың жалпы мөлшері 7 салм.% немесе одан да көп мынадай элементтердің - молибденнің, вольфрамның және ванадийдің ең болмағанда үштен екісінен тұратын басқа да элементтерді құрайтын немесе құрамайтын легирленген болаттар; д) «кремнийлі марганецті болат» - құрамында: - 0,7 салм.% аспайтын көміртегі, - 0,5 салм.% немесе одан да көп, бірақ 1,9 салм.% аспайтын марганец, және - 0,6 салм.% немесе одан да көп, бірақ 2,3 салм.% аспайтын кремний бар, бірақ аталған болатқа легирленген болаттың басқа түрінің қасиеттерін бере алатын қатынастардағы басқа элементтер болмайтын легирленген болаттар. 2. Ферроқорытпаларды 7202 тауар позициясының субпозициясына енгізген жағдайда, мынадай ережені сақтау қажет: егер қорытпаның тек бір легирлеуші элементі аталған топқа 1в ескертпеде белгіленген ең аз пайыздық құрамнан асатын болса, ферроқорытпа қосарлы қорытпа ретінде қарастырылады және тиісті субпозицияға (егер ондай болса) енгізіледі; егер тиісінше қорытпаның екі немесе үш легирленген элементі олар үшін белгіленген ең аз пайыздық құрамнан асса, ол ұқсас үлгіде үшінші немесе төртінші болып саналады. Бұл epeжe аталған топқа 1в ескертпеде аталған санамаланбаған "басқа элементтерге" қатысы бойынша қолданылған жағдайда, кез келген элементтің мөлшері 10 салм.%-дан асуға тиіс. Қосымша ескертпелер: 1. Төмендегі терминдер мыналарды білдіреді: - «Электротехникалық болат» (кіші қосалқы позициялар 7209 16 100 0, 7209 17 100 0, 7209 18 100 0, 7209 26 100 0, 7209 27 100 0, 7209 28 100 0 және 7211 23 910 0) - жалпақ илек, Эпштейн әдісі бойынша есептегенде, 1 Т магниттік ағыста және 50 Гц жиілікте ток ауыстырылған жағдайда килограмм салмақты күшін жоғалтады: - егер қалыңдығы 0,20 мм болған жағдайда, 2,1 Вт-тан кем, - егер қалыңдығы 0,20 мм-ден астам, бірақ 0,60 мм-ден аспаған жағдайда, 3,6 Вт-тан кем, - егер қалыңдығы 0,60 мм-ден астам, бірақ 1,50 мм-ден аспаған жағдайда, 6 Вт-тан кем. - «Ақ қаңылтыр» (кіші қосалқы позициялар 7210 12 110 0, 7210 70 310 0, 7212 10 100 0-ден және 7212 40 100 0) - жалпақ илек (қалыңдығы 0,5 мм-ден кем), 97 салм.% немесе одан көп металл қабығымен қапталған құрамында қалайы бар. - «Инструментальдық болат» (кіші қосалқы позициялар 7228 30 200 0, 7228 40 100 0, 7228 50 200 0 және 7228 60 810 0) - легирленген болаттар, болатты тез кесуші немесе тот басуға төзімді болаттар, мынадай композициялардан тұратын басқа элементтермен немесе оларсыз: - 0,6 салм.%-дан кем көміртегі бар және 0,7 салм.% немесе астам кремнийі бар және 0,05 салм.% немесе астам ванадийі бар немесе 4 салм.% немесе астам вольфрам; - 0,8 салм.% немесе астам көміртегі бар; және 0,05 салм.% немесе астам ванадийі бар; - 1,2 салм.% астам көміртегі бар және 11 салм.%-дан кем емес, бірақ 15 салм.%-дан астам хромы бар; - 0,16 салм.% немесе астам, бірақ 0,5 салм.%-дан астам көміртегі бар және 3,8 салм.% немесе астам, бірақ 4,3 салм.%-дан астам никелі бар және 1,1 салм.% немесе астам, бірақ 1,5 салм.% аспайтын хром және 0,15 салм.% немесе астам, бірақ 0,5 салм.% аспайтын молибден; - 0,3 салм.% немесе астам, бірақ 0,5 салм.% аспайтын көміртегі; және 1,4 салм.% немесе астам, бірақ 2,1 салм.% аспайтын хром; және 0,15 салм.% немесе астам, бірақ 0,5 салм.% аспайтын молибден; және 1,2 салм.% кем никель; - 0,3 салм.% немесе астам көміртегі; және 5,2 салм.% аз хром; және 0,65 салм.% немесе астам молибден немесе 0,4 салм.% немесе астам вольфрам; - 0,5 салм.% немесе астам, бірақ 0,6 салм.% аспайтын көміртегі; және 1,25 салм.% немесе астам, бірақ 1,8 салм.% аспайтын никель және 0,5 салм.% немесе астам, бірақ 1,2 салм.% аспайтын хром және 0,15 салм.% немесе астам, бірақ 0,5 салм.% аспайтын молибден.
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 630 Қаулысымен өзгеріс енгізілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |