|
|
|
XVІ бөлім
Ескертпелер: 1. Аталған топқа мыналар енгізілмейді: а) 39-топтағы пластмассалардан немесе вулканизацияланған резеңкеден (4010 тауар позициясы) жасалған конвейер таспалары немесе жеткізу белдіктері немесе бельтинг; қатты резеңкеден (4016 тауар позициясы) басқа вулканизацияланған резеңкеден дайындалған машиналарда немесе механикалық немесе электр қондырғыларында немесе басқа да техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын қондырғылар немесе басқа да бұйымдар; б) машиналарда немесе механикалық қондырғыларда немесе басқа да техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын табиғи былғарыдан немесе қиыстырылған былғарыдан (4204 тауар позициясы) немесе үлбірден (4303 тауар позициясы) жасалған бұйымдар; в) кез келген материалдардан (мысалы, 39, 40, 44 немесе 48-топ немесе XV бөлім) жасалған бобиналар, катушкалар, шпульдер, конустар, өзектер, гильзалар немесе ұқсас тасығыштар; г) жаккард немесе ұқсас машиналарға арналған перфокарталар (мысалы, 39 немесе 48-топ немесе XV бөлім); д) тоқыма материалдардан жасалған контейнер таспалары немесе жеткізу белдіктері (5910 тауар позициясы) немесе техникалық мақсаттарға арналған басқа да тоқыма бұйымдар (5911 тауар позициясы); e) 7102-7104 тауар позицияларының қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастары (табиғи, жасанды немесе қайта жөнделген немесе дыбыс түсіргіштердің инелеріне арналған бекітілмеген өңделген жақұттар мен алмастардан (8522 тауар позициясы) басқа, толығымен 7116 тауар позициясының жоғарыда аталған тастарынан жсаслған бұйымдар; ж) XV бөлімнің 2-ескертпесінде сипатталған қымбат бағалы емес металдан (XV бөлім) жасалған жалпы мақсаттағы бөліктер немесе пластмассадан жасалған ұқсас тауарлар (39-топ); з) бұрғылау түтіктері (7304 тауар позициясы); и) металл сымнан жасалған шексіз таспалар немесе жолақтар (XV бөлім); к) 82 немесе 83-топтың бұйымдары; л) XVІІ бөлімнің бұйымдары; м) 90-топтың бұйымдары; н) барлық түрдегі сағаттар немесе 91-топтың басқа да бұйымдары; о) 8207 тауар позициясының ауысымдық жұмыс аспаптары немесе машиналардың (9603 тауар позициясы) бөліктері болып табылатын щеткалар; олардың жұмыс бөлігі дайындалатын материалға сәйкес жіктелетін ұқсас ауысымдық аспаптар (мысалы, 40, 42, 43, 45 немесе 59-топтағы немесе 6804 немесе 6909 тауар позициясындағы); п) 95-топтың бұйымдары; немесе р) жазу машинкаларына арналған таспалар немесе катушкалардағы немесе кассеталардағы немесе оларсыз таспалар (өздері дайындалған материалға немесе егер олар таңба алу үшін сия сіңірілген немесе өзге де тәсілмен өңделген болса, 9612 тауар позициясына сәйкес жіктеледі). 2. Аталған бөлімге 1-ескертпенің, 84-топқа 1-ескертпенің және 85-топқа 1-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, машиналардың бөліктері (8484, 8544, 8545, 8546 немесе 8547 тауар позициясы бұйымдарының бөліктерінен басқа) мына ережелерге сәйкес жіктелуге тиіс: а) 84 және 85 тауар позицияларының қандай да біріне енгізілген тауарлар болып табылатын бөліктер (8409, 8431, 8448, 8466, 8473, 8485, 8503, 8522, 8529, 8538 және 8548 тауар позицияларынан басқа) барлық жағдайларда олар үшін көзделетін тауар позицияларында жіктелуге тиіс. б) тек қана немесе негізінен машинаның бір түрімен немесе сол тауар позициясының машиналарымен (8479 немесе 8543 тауар позициясының машиналарын қоса алғанда) қатар пайдалануға арналған басқа бөліктер осы машиналармен немесе тиісінше 8409, 8431, 8448, 8466, 8473, 8503, 8522, 8529 немесе 8538 тауар позициясының машиналарымен бірге жіктелуге тиіс. Алайда, негізінен 8517 және 8525-8528 тауар позицияларының тауарларымен пайдалану үшін бірдей жарамды бөліктер 8517 тауар позициясында жіктеледі. в) басқа өзге де бөліктер тиісінше 8409, 8431, 8448, 8466, 8473, 8503, 8522, 8529 немесе 8538 тауар позицияларында немесе бұдан басқа 8485 немесе 8548 тауар позициясында жіктеледі. 3. Біріңғай бүтін құру үшін бірге біріктірілген екі немесе одан да көп машиналардан тұратын, екі немесе одан да көп өзара толықтыратын немесе бір-бірімен байланысы жоқ функцияларды орындауға арналған қиыстырылған машиналар сол құрамдас бөліктен ғана тұратын немесе егер мәтінде өзгедей келісілмесе, негізгі функцияны атқаратын машина болып табылатын машина ретінде жіктелуге тиіс. 4. Егер машина (машиналардың комбинациясын қоса алғанда) 84 немесе 85-топтың тауар позицияларының бірімен қамтылған анық айқындалған функцияларды бірлесіп орындауға арналған жекелеген құрамдас бөліктерден (олардың жеке орналасқанына немесе құбыр желілерімен, трансмиссиялық құрылғылармен, электр кабельдерімен немесе бacқa құрылғылармен біріктірілгендігіне қарамастан) тұрса, онда ол осы белгілі бір функцияға сәйкес келетін тауар позициясында жіктеледі. 5. Аталған ескертпелердегі "машина" термині 84 немесе 85-топтың тауар позицияларына кіретін кез келген машинаны, жабдықты, тетікті, агрегатты, қондырғыны, аппаратты немесе құрылғыны білдіреді. XVI бөлімге қосымша ережелер: 1. Машиналарды жинау немесе оларға қызмет көрсету үшін қажетті аспаптар, егер олармен бірге импортталатын болса, осы машиналармен бірге жіктелетін болады. Машиналармен бірге ипортталатын ауыспалы аспаптар, егер аспаптар машиналардың қарапайым жабдығының бір бөлігін құраса және әдетте олармен бірге сатылса, олармен бірге жіктелуге де тиіс. 2. Кеден органдарының талап етуі бойынша декларант декларацияда мәлімделген мәліметтерді растау үшін машинаның сипаттамасын, оның мақсатын және негізгі сипаттамаларын қамтитын иллюстрацияланған құжатты (мысалы, нұсқаулықтар, проспектілер, каталогтан парақ, фотосурет), ал жиналмаған немесе құрастырылмаған машина болған жағдайда, жинау схемасы мен әр түрлі жүк орындарын қамтитын тізбені ұсынуға тиіс. 3. Декларанттың өтініші бойынша және құзыретті органдар белгілеген шарттар сақталған кезде Номенклатураның 2а интерпретациясының Негізгі ережесінің қағидалары жекелеген партиялармен әкелінетін машиналарға да қолданылады.
Ядролық реакторлар, қазандар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар; олардың бөліктерi
Ескертпелер: 1. Аталған топқа мыналар енгізілмейді: а) диірмен тастар, қайрақ тастар немесе 68-топтың басқа да бұйымдары; б) қыш материалдардан жасалған жабдықтар немесе құрылғылар (мысалы сорғылар) және машиналардың қыш бөліктері немесе кез келген материалдан жасалған құрылғылар (69-топ); в) зертханалық шыны ыдыс (7017 тауар позициясы); техникалық мақсаттарға арналған жабдықтар, құрылғылар немесе басқа да бұйымдар немесе олардың шыныдан жасалған бөліктері (7019 немесе 7020 тауар позициясы); г) 7321 немесе 7322 тауар позициясына енгізілетін бұйымдар немесе басқа да қымбат бағалы емес металдардан жасалған ұқсас бұйымдар (74-76 немесе 78-81-топтар); д) 8509 тауар позициясының электромеханикалық тұрмыстық заттары; 8525 тауар позициясының цифрлік камералары; немесе е) еден жинауға арналған қозғалтқышсыз механикалық қол щеткалары (9603 тауар позициясы). 2. XVI бөлімге 3-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, 8401-8424 тауар позицияларының біріндегі немесе одан да көбіндегі сипаттамаға және сонымен бір мезгілде 8425-8480 тауар позицияларының біріндегі немесе одан да көбіндегі сипаттамаға жауап беретін машиналар немесе құрылғылар тауар позицияларының екінші емес, бірінші аталған топтың тиісті тауар позицияларына енгізіледі. Алайда, 8419 тауар позициясына мыналар енгізілмейді: а) дәндерді өсіруге арналған жабдықтар, инкубаторлар немесе брудерлер (8436 тауар позициясы); б) астықты ылғалдатуға арналған машина (8437 тауар позициясы); в) қант құрамды шырынды ұсатуға арналған диффузиялық аппараттар (8438 тауар позициясы); г) тоқыма иірімжіптерді, маталарды немесе дайын тоқыма бұйымдарын термоөңдеуге арналған жабдықтар (8451 тауар позициясы); немесе д) оның кезінде тіпті ол қажет болған жағдайдың өзінде температураның өзгеруі қосалқы процесс болып табылатын механикалық өңдеуге арналған жабдықтар немесе агрегаттар. 8422 тауар позициясына мыналар енгізілмейді: а) қапшықтарды немесе ұқсас ыдыстарды тігуге арналған тігін машиналары (8452 тауар позициясы); немесе б) 8472 тауар позициясының кеңсе жабдықтары. 8424 тауар позициясына мыналар енгізілмейді: бояу ағынды баспа машиналары (8443 немесе 8471 тауар позициясы). 3. 8456 тауар позициясының сипаттамасына және бір мезгілде 8457-8461, 8464 немесе 8465 тауар позициясының сипаттамасына жауап беретін кез келген материалды өңдеуге арналған станок 8456 тауар позициясына енгізіледі. 4. 8457 тауар позициясына: а) аспап дүкенінен алынған аспапты немесе ұқсас құрылғыны өңдеу бағдарламасына (өңдеу орталықтары) сәйкес автоматты түрде ауыстыру; б) жылжымайтын дайындама (бір позициялы агрегаттық станоктар) жағдайында жұмыс істейтін әр түрлі өңдеуші бастиектерді бір мезгілде немесе жүйелі автоматты түрде қолдану; немесе в) дайындамаларды әр түрлі өңдеуші бастиектерге (бip позициялы агрегаттық станоктар) автоматты түрде ауыстыру жолымен өңдеу операцияларының әр түрін орындай алатын токарь станоктарынан (көп мақсатты токарь станоктарын қоса алғанда) өзге металл өңдеуші станоктар ғана енгізіледі. 5. А. 8471 тауар позициясындағы "есептеу машиналары" термині: а) мыналарға: 1) бағдарламаны немесе өңдеу бағдарламаларын және кем дегенде бағдарламаны орындау үшін қажетті ақпараттарды сақтауға; 2) пайдаланушының талаптарына сәйкес еркін қайта бағдарламаланатын болып табылуға; 3) пайдаланушы айқындайтын арифметикалық есептерді орындауға; және 4) адамның араласуынсыз есептеу машинасынан өңдеу процесінде логикалық шешімдер қабылдау жолымен әрекеттерді өзгертуді талап ететін өңдеу бағдарламасын орындауға қабілетті сандық машиналарды; б) математикалық моделдерге еліктеуге қабілетті және кем дегенде ұқсас элементтерді, басқару элементтері мен бағдарламалаушы элементтерді қамтитын ұқсас машиналарды; в) ұқсас элементтері бap сандық машинадан немесе сандық элементтері бар ұқсас машинадан тұратын ұқсас сандық будан машиналарды білдіреді. 5.Б. Есептеу машиналары әр түрлі жекелеген блоктардан тұратын жүйелер түрінде орындалуы мүмкін. Блок төменде 5 Д ескертпеде жазылған ережелер ескеріле отырып, егер ол мынадай шарттарды қанағаттандырса, аяқталған жүйенің бөлігі ретінде қарастырылуға тиіс: а) тек қана немесе негізінен есептеу жүйесінде пайдаланылады; б) деректерді өңдеудің орталық блогына немесе тікелей немесе біреуден кейін немесе бірнеше блоктарға қосылу мүмкіндігіне ие болады; және в) жүйе пайдалана алатындай нысанда (кодтар немесе сигналдар) ақпарат қабылдауға немесе беруге қабілетті. 5.В. Есептеу машиналарының жеке ұсынылған блоктары 8471 тауар позициясына енгізіледі. 5.Г. Жоғарыда 5Б (б) және 5Б (в) ескертпелерде жазылған шарттарды қанағаттандыратын принтерлер, клавиатура, X - Y координаттық енгізу құрылғылары мен деректерді дискілерде сақтау блоктары барлық жағдайларда 8471 тауар позициясының блоктары ретінде қарастырылуға тиіс. 5.Д. Ақпараттар өңдеуден ерекшеленетін бейіндік функцияларды атқаратын және өз құрамында есептеу машиналарын қамтитын немесе олармен бірлесіп жұмыс істейтін машиналар өздерінің бейіндік функцияларына сәйкес тауар позицияларға немесе ол мүмкін болмайтын жағдайда - қалдық тауар позицияларына ("Өзгелері") енгізіледі. 6. 8482, inter alia тауар позициясына қайсысының кіші болатындығына қарай ең үлкен және ең кіші диаметрі номиналдық диаметрден 1%-дан астам немесе 0,05 мм-ден астам ерекшеленетін жалтыратылған болат шариктер енгізіледі. Басқа болат шариктер 7326 тауар позициясына енгізіледі. 7. Бірден астам мақсаттарға пайдаланылатын машина жіктеу кезінде, егер оның негізгі тағайындалуы жалғыз болатындай қарастырылуға тиіс. Аталған топқа 2-ескертпенің және XVІ бөлімге 3-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, негізгі тағайындалуы бір де бір тауар позицияда сипатталмаған машина немесе оның тағайындалуларының бір де бірі негізгі болып табылмайтын машина, егер мәтінде өзгедей келісілмесе, 8479 тауар позициясында жіктеледі. 8479 тауар позициясына металл сымнан, тоқыма иірімжіптен немесе басқа да материалдардан немесе осындай материалдардың қиысуларынан жіптер немесе тростар дайындауға арналған машиналар да (мысалы, иіруге арналған машиналар) енгізіледі. 8. 8470 тауар позициясындағы "қалталық" термині мөлшерлері 170 х 100 х 45 мм-ден аспайтын құрылғыларға ғана қолданылады. Қосалқы позицияларға ескертпелер: 1. 8471 49 қосалқы позициясындағы "жүйелер" термині блоктары 84-топқа 5Б ескертпеде жазылған талаптарды қанағаттандыратын және кем дегенде деректер өңдеудің орталық блогын, бір енгізу блогын (мысалы, клавиатура немесе сканер) және бір шығару блогын (мысалы, дисплей немесе принтер) қамтитын есептеу машиналарын білдіреді. 2. 8482 40 қосалқы позициясына диаметрі 5 мм-ден аспайтын, ал олардың ұзындығы кем дегенде үш диаметрді құрайтын цилиндр роликтері бар подшипниктер ғана енгізіледі. Роликтердің шеттері дөңгелектелген болуы мүмкін. Қосымша ескертпелер: 1. 8407 10 және 8409 10 қосалқы позициясындағы "авиациялық қозғалтқыштар" термині тек ауалық немесе алып жүрілетін винттерін құрастыруға арналған қозғалтқыштарына ғана қолданылады. 2. 8471 70 510 0 кіші қосалқы позицияларына дауыс реттеуші немесе жіберу/тоқтату түймешесі бар, аудиокомпакт-дискілері және фотокомпакт-дискілері көлемінде қамсыздандырылған құлақ жапқыштарға арналған, CD-ROM дабылдар шығарғыштарға арналған есте сақтайтын құрылғылар болып табылатын нақтылауыш машиналар, сонымен қатар компакт-дискілерді санауыш құрылғылар кіреді. Қосымша ескертпелер: 1. 8482 10 900 1 кіші қосалқы позициясында "брутто-масса" термині. Сақтау және тасымалдау процесінде оның сақталуын қамтамасыз ететін орау материалдары мен орау контейнерлерінің бар түрлерімен бірге тауардың жалпы салмағын білдіреді. Жалпы тауар салмағына қайта қолдануға барлық негізде жарамды, орам материалдары немесе ыдыстар қосылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |