|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2008.31.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 527 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциз таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 32, 320-құжат): тақырыбындағы және мәтініндегі «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін» деген сөздер «Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; мәтініндегі «Алкоголь өнімдері мен», «алкоголь өнімдерін және», «алкоголь өнімдері мен» деген сөздер алынып тасталсын; 1 және 3-тармақтар алынып тасталсын; 7-тармақтағы «алкоголь өнімдері бойынша 2003 жылғы 10 тамыздағы және», «2001 жылғы үлгідегі алкоголь өнімдеріне акциз таңбаларының және» деген сөздер алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |