Жоба Қазақстан Республикасының
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2006.22.08 № 794 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді 2007 жылғы 27 шілдедегі № 318-III ҚР Заңын қара
1-бап. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2005 ж., № 23, 140-құжат; № 23, 142-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 4) тармақша «тітіркендіргіш заттарды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жарақат салатын патрондарды» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) жаттығу қаруы - арнайы дайындалған немесе құрылғыларын зерделеу және онымен жұмыс істеу әдістеріне үйретуге арналған, ату үшін жарамсыз күйге келтірілген атыс қаруының үлгілері.»; 2) 3-баптың 3) тармақшасындағы «қару» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) жаттығу қаруы.»; 3) 5-баптың 3) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын; 4) 6-баптың бірінші бөлігі «жеке басының,» деген сөздерден кейін «жеке күзетшілердің, жеке кәсіпкерлердің күзет бөлімшелері қызметкерлерінің,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын: «6-1-бап. Жаттығу қаруы Жаттығу қаруы жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында пайдаланылады. Жаттығу қаруын сатып алу, сақтау, әкелу, әкету, есепке алу және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 6) 12-бапта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;»; 10) тармақшадағы «шетелдіктердің» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|