Жоба Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Өзбекстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 837 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі, 1994 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Yкіметі арасындағы Мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, білім, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып, өзара түсіністікті нығайтуға, мәдениет, өнер, ғылым, білім, мұрағат ісі, жастар саясаты саласындағы тең құқылы ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге өзара ұмтылуға негізделе отырып, мынадай салаларда ынтымақтасуға келісті: 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы Бағдарламаға енгізілген барлық қызмет түрлері Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. 1.2. Осы Бағдарламада көзделген барлық қызмет түрлері Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады және қаржыландырылады. Егер әрбір жекелеген жағдайда шығындарды қаржыландырудың өзгеше тәртібі айтылмаған болса, әрбір Тарап осы Бағдарламаны іске асыруға байланысты барлық шығыстарды дербес көтереді. 1.3. Тараптар мемлекеттерінің осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары мыналар болып табылады: қазақстан тарабынан - Мәдениет және ақпарат министрлігі - мәдениет, өнер, мұрағат ісі бөлігі бойынша; Білім және ғылым министрлігі - ғылым, білім, жастар саясаты бөлігі бойынша; өзбек тарабынан - Мәдениет және спорт істері жөніндегі министрлік, Министрлер Кабинеті жанындағы «Узархив» агенттігі - мәдениет, өнер, мұрағат ісі бөлігі бойынша, Орта арнайы және жоғары білім министрлігі, Халық білімі министрлігі, «Камолот» қоғамдық қозғалысы - ғылым, білім және жастар саясаты бөлігі бойынша. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|