“Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы”
Осы редакция 2006 ж. 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бәсекелестiк деңгейiн арттыру, тұтыну рыногында қолайлы жағдай жасау және халықтың күнделiктi сұраныс тауарларына қажеттілiгiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және Төтенше жағдайлар министрлiктерi екi апта мерзiмде: "Атамекен" кәсiпкерлер мен жұмыс берушілердiң жалпыұлттық одағының, "Қазақстанның ұлттық тұтынушылар лигасы" қоғамдық қорының және басқа да салалық бiрлестiктердiң (келісім бойынша) қатысуымен жемiс-көкөнiс және ет өнiмдерiн халыққа тiкелей сату орындарына үздiксiз жеткiзудi және оларға оңайлатылған қол жетiмділiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларын әзiрлесiн; ағымдағы жылдың аяғына дейiн мұнай өнiмдерiне, газ бен электр энергиясына, темір жол көлiгiнiң қызметтерiне бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 15 мамырға дейiнгi мерзiмде белгіленген тәртiппен: кәсiпкерлердiң және тұтынушылардың (келісім бойынша) құқықтарын қорғау қоғамдық бiрлестiктерiнiң қатысуымен әрбiр әкiмшілiк-аумақтық бiрлiкте халыққа азық-түлiк тауарларын жеткiзу мәселелерi жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн штабтар (комиссиялар) құрсын; азық-түлiк рыноктарындағы баға құру процестерiне жергілiктi монополия құрылымдары мен делдал ұйымдардың терiс ықпал етуiн болдырмасын; қалалар мен басқа да елдi мекендерде осы объектілердi санитарлық-гигиеналық және коммуналдық-тұрмыстық жағдайдың қажетті деңгейiмен қамтамасыз ете отырып, маусымдық сипаттағы азық-түлiк өнiмдерiн сату үшiн жергілiктi бюджеттердiң есебiнен қосымша сауда алаңдарын (алаңқайларын) ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге егiстен алынған жеке өнiмiн көлiк құралдарының үстiнен сату, сондай-ақ "жол жиегiнде сату" үшiн олардан заңсыз алымдар мен төлемдердi алуды болдырмай, қолайлы жағдай жасасын; кәсiпкерлiк топтардың арасында жемiс-көкөнiс және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн жергілiктi базарларға жеткiзудi ұлғайтуға және оларға қол жетімділiктi кеңейтуге ықпал ететiн қажеттi түсiндiру жұмысын ұйымдастырсын. 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерiмен бiрлесіп, белгіленген тәртiппен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге және көлiк құралдарының үстiнен сатуды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнiмiнiң рыногына басқа да қатысушыларға сауда алаңдарына (алаңқайларына) қол жетiмділiкке заңсыз кедергі келтiру фактілерiнiң жолын кесуге бағытталған қажетті шаралар қабылдасын. 4-тармақтың 1) тармақшасы осы қаулының алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткен соң қолданысқа енгізiледі 4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: мына: "0207 11 100 0- тауық еті, жас, 20, бiрақ 1 кг үшiн 0207 14 100 0- деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "0207 11 100 0- тауық еті, жас, 10 мына: "0803 00 банандар, плантайндарды қоса 5, бiрақ 1 кг үшiн деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "0803 00 банандар, плантайндарды қоса 5 мына: " мыналардан басқа: деген жолдар алынып тасталсын; мына: "0808 10 алмалар, жас 1 кг үшін 0,2 ЕВРО" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "0808 алма, алмұрт пен айва, жас мына: "61 машинамен немесе қолдан 5, бiрақ 1 кг үшiн мына: "63 Өзге де дайын тоқыма бұйымдары; 20 деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "6302 Төсек-орын, асхана, дәретхана 5***** мына: "64 Аяқ киім, гетралар және соған 1 жұп үшiн 15 қосу мыналардан басқа: мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "***** кеден баждарының ставкалары 2006 жылғы 15 наурызға дейiн қолданылады."; 2) "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтілген "Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем" деген қосымшада: ", бiрақ 1 килограммға 0,5 ЕВРО-дан кем емес" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген "Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңілдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары" деген қосымшада: 1) тармақшадағы "200 (екi жүз)" деген сөздер "2000 (екi мың)" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы "1000 (мың)" деген сөздер "5000 (бec мың)" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығын осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн. 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткен соң қолданысқа енгізiлетiн осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
|