|
Құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік саудасы туралы конвенциясы
Конвенция 1967 жылы 9 маусымда күшіне енді
2007 ж. 20 наурыздағы № 238-III ҚР Заңымен ратификацияланды
КІРІСПЕ
Осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 55-бабы Ұйымның экономикалық үдеріс шарттарына және экономика саласындағы халықаралық мәселелерді кеңейтуге ықпал етуін талап ететінін ескерте отырып, Бас Ассамблея «халықаралық сауданы көтермелеу үшін транзиттің тиісті шарттарында, теңіз шекаралары жоқ мемлекеттер мұқтажын мойындай отырып», Ұйымға мүше мемлекеттердің үкіметтеріне «теңіз шекаралары жоқ Ұйымға мүше мемлекеттердің транзиттік сауда саласындағы мұқтаждарын толық мойындай отырып және сондықтан да теңіз шекаралары жоқ мемлекеттерді экономикалық дамыту нәтижесінде туындайтын келешек қажеттіліктерді ескере отырып, осыған қатысты халықаралық құқық пен тәжірибе негізінде оларға тиесілі шарттарды қамтамасыз ететін өтініш жасаған Бас Ассамблеяның теңіз шекаралары жоқ елдер туралы және халықаралық сауданы кеңейту туралы 1028 (ХІ) қарарын атап көрсете отырып, ашық теңіз барлық ұлттар үшін ашық және ешбір мемлекет оның қандай да бір бөлігі өзінің егемендігіне бағындыруға ұмтылуына құқылы емес деп мәлімделген Ашық теңіз туралы конвенцияның 2-бабын, сондай-ақ аталған Конвенцияның мыналар көзделген 3-бабын назарға ала отырып: «1. Теңіз жағалауы жоқ мемлекеттердің жағалау мемлекеттерімен тең құқықта теңіздер еркіндігі пайдалану үшін теңізге еркін кіpу мүмкіндігі болуы тиіс. Осы мақсат үшін теңіз бен теңіз жағалауы жоқ мемлекеттің арасында орналасқан мемлекет, осы соңғысымен жалпы келісім бойынша және қазіргі халықаралық конвенцияларға сәйкес: « а) теңіз жағалауы жоқ мемлекетке өзара негізде өз аумағы арқылы еркін жол береді және « b) осы мемлекеттің туын көтеріп жүзуші кемелерге өз кемелерімен немесе басқа мемлекеттердің кемелерімен тең жағдайда теңіз порттарына және осы порттарды пайдалануға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|