Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 918 қаулысымен мақұлданған
Жоба Yшінші елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылған елін
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, үшінші елдермен саудада кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру мақсатында, ынтымақтастыққа және осы процесті жылдамдату жолдары мен құралдарын іздестіруге дайын бола тұрып, әлемдік экономикалық процестерге белсенді қатысуға ниет ете отырып, өзара пайда мен халықаралық құқық негізінде елдер арасындағы сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға тілек білдіре отырып, көпжақты сауда жүйесін нығайтуға жәрдем көрсету және сауда саласындағы қатынастарды дамыту шешіміне ие бола отырып, Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімді (ТСБК/ДСҰ) назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесін қабылдайды. Үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесін, Тараптар мемлекеттерінің аумағына үшінші елдерден тауарлар әкелу үшін шығарылған елді айқындауға бірыңғай тәсілдерді қолдану тәртібін белгілеу осы Келісімнің мақсаты болып табылады.
2-бап. Келісімнің қолданылу аясы
Осы Келісім тауарлардың үшінші елдерден шығарылуын айқындау үшін Тараптар мемлекеттерінің аумағында қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|