Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 774 Қаулысымен бекітілді 2011 жылғы 13 шілдеде күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын) ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықтар арасындағы достық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтатынын және екі елдің бүкіл әлемдегі сияқты ғылым мен техника прогресіне ықпал ететіндігін түсіне отырып; адамзаттың гүлденуі мен игілігінің үлесіне жауапкершілікті бөлісе отырып, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы өздерінің ұлттық саясатын нығайту ісіне одан әрі күш жұмсауға ниет білдіре отырып; ғылыми-техникалық ынтымақтастық ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты болып табылатынын назарға ала отырып; озық технологиялардың нақты түрлерін қолдану жолымен өзінің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуды көздей отырып; және екі елдің ғылыми ұйымдары мен жекелеген ғалымдарының арасында халықаралық серпінді және тиімді ынтымақтастық орнатуға ниет білдіре отырып; төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін нығайту, екі мемлекеттің ғылыми-техникалық қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту және дамыту, сондай-ақ бейбіт мақсаттарда өзара пайданы білдіретін салаларда ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады. 2. Осы ынтымақтастықтың басты мақсаты Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, ғылыми-техникалық ақпаратпен, тәжірибемен және әдістемемен өзара алмасуға, сондай-ақ өзара мүддені білдіретін бірлескен зерттеулер мен әзірлемелерді орындау кезінде мүмкіндік беруден тұрады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|