Стенограмма совместного заседания Палат Парламента Республики Казахстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ ТАҢЕРТЕҢГІ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
2006 жылғы 7 қараша
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті депутаттар мен шақырылған қонақтар! Барлық әріптестерімнің тіркеуден өтулерін сұраймын. Тіркеу нәтижесін экранға беріңіздер. Тиісті жиналым бар. Сенаттың 39 депутатының 36-сы қатысып отыр. Мәжілістің 77 депутатының 64-і қатысып отыр. Белгілі себептермен бүгінгі бірлескен отырысқа қатыспай отырған депутаттардың тізімі: Сенаттан депутат Иманқұлов; Мәжілістен депутат Әубәкіров, Бердіоңғаров, Дүйсекеев, Жолшыбеков, Кәрімов, Мұхамеджанов Төлеген. Сонымен Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, біздің бірлескен отырысымызға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Аппаратының жауапты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр. Құрметті депутаттар, сіздердің қарауларыңызға мынадай күн тәртібі ұсынылады: «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Қарсылықтарыңыз жоқ па? Қарсылық жоқ болса, онда біз Парламент отырысының күн тәртібін бекіту жөніндегі қаулы қабылдауымыз керек. Дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Қаулы бірауыздан қабылданды. Сенаттың 36 депутаты дауыс беруге қатысып, 36-сы жақтады. Мәжілістің 64 депутаты дауыс беруге қатысып, 64-і жақтады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|