|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 326-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағанында: реттік нөмірі 2-жолда: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға конкурс және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы ақпан-қараша»; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін» республикалық конкурсын өткізу. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан.«; 11-1), 11-3) тармақшалар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: "13) АЭА-ның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу."; реттік нөмірі 5-жолда: 5-бағандағы «(5 бірлік)» деген сөздер «(19 бірлік)» деген сөздермен ауыстырылсын; "14 бір арнайы автокөлік (жылжымалы зертхана)." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "- 3 бірлік жеңіл автокөлік сатып алу."; реттік нөмірі 6-жолдағы "Веб-сайт құру." деген сөздер алынып тасталсын; Тікелей нәтижесінде: үшінші абзацтағы «Қазақстанның жақсы тауарлары» мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығы конкурсын ұйымдастыру және конкурсанттар саны кемінде 120» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын» деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы абзацтағы «әрқайсысының 3000 дана таралымы бар журналдың 4 нөмірін шығару;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін» республикалық конкурсын өткізу; АЭА-ның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу"; он екінші абзацтағы «республиканың өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелері жөнінде кемінде 4 семинар, тренинг және оқыту курсын өткізу» деген сөздер алынып тасталсын; он төртінші абзацтағы «елден тысқары жерлерге іссапарлар» деген сөздер алынып тасталсын; жиырмасыншы абзацтағы «Веб-сайт құру;» деген сөздер алынып тасталсын; жиырма төртінші абзацтағы «(кемінде 5 бірлік)» деген сөздер «(кемінде 19 бірлік)» деген сөздермен ауыстырылсын; «арнайы автокөлік (жылжымалы зертхана)» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "3 бірлік жеңіл автокөлік сатып алу;"; Түпкілікті нәтижеде: жетінші абзац «экспортқа жылжыту мәселелері бойынша отандық тауар өндірушілердің хабардар болуын арттыру» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "АЭА-ны құру орындылығының техника-экономикалық негіздемесінің болуы;"; Қаржы-экономикалық нәтижелерінде: екінші абзацтағы «Қазақстанның жақсы тауарлары» конкурсына» деген сөздер «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсына» деген сөздермен ауыстырылсын; он бесінші абзац «шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайту кемінде 35%;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін" республикалық конкурсын өткізуге арналған шығындар 5000,0 мың теңге; АЭА-ның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған шығындар 30 млн. теңгені құрайды."; он жетінші абзацтағы «республика өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелері бойынша 1 семинар, тренинг және оқыту курсын өткізуге жұмсалатын орташа шығын 3434 мың теңгені құрайды» деген сөздер алынып тасталсын; Уақтылығында: үшінші абзацтағы «, республиканың өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспорттық жылжыту мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер және оқыту курстарын өткізудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 337-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Алдын ала тексеру бойынша ескертулерді жойғаннан кейін зертханаларды қайта тексеруді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне алдын ала тексеру және бағалау үшін ILAC сарапшыларын тарту"; 7-тармақта: 1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "үш зертхананы халықаралық деңгейде аккредиттеу"; 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "қазақстандық сәйкестік сертификаттарын халықаралық деңгейде тану үшін негіз жасау"; 3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "1 зертхананы аккредиттеуге арналған орташа шығын 4 333,0 мың теңге"; 5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "өнім қауіпсіздігін сынау және бағалау нәтижелерінің шынайылығы мен дәлдігін арттыру". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |