Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы № 252-НҚ бұйрығымен бекітілген
ҚР Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының (Монополияға қарсы агенттік) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 424-НҚ бұйрығымен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Монополиялы жоғары және монополиялы
1. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдері негізінде әзірленді. Осы Ереженің мақсаты тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері (бұдан әрі - доминант) белгілейтін монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау болып табылады. 2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер заңдарда айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
2. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаның белгілері
3. Доминанттың монополиялық жоғары, монополиялы төмен бағаны белгілеу белгілері мыналарды: 1) доминанттардың қызметтерінің ай сайынғы моноиторингін жүзеге асырған кезде монополияға қарсы орган айқындайды. Мониторинг үшін доминанттар Заңның 31-бабына сәйкес монополияға қарсы органға беруге міндетті мынадай ақпараттар, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есеп; өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру (өткізу) көлемдері, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босату бағалары және кірістілік деңгейі туралы ай сайын ақпарат пайдаланылады; 2) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) алдағы уақытта бағаның өсетіні туралы хабардар еткен кезде доминант беретін негіздемелік материалдарды талдау кезінде не монополияға қарсы органның сауалы бойынша доминант берген ақпарат негізінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|