|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына толықтырулар мен
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
«Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрайымның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары»; «Манабаева Қайни Алдабергенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры, хатшы» деген жолдағы «, хатшы» деген сөз алынып тасталсын; көрсетілген құрамнан Ақанов Айқан Ақанұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |