|
Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесін бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің Бұйрығымен күші жойылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті (Р.Ғ.Байнақов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі 15 қараша 2006 жыл
Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 443 бұйрығымен бекітілген
Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесі
1. Негізгі ережелер
1. Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес және «Концессиялар туралы және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін орындау үшін орындалды. 2. Әдістеме концессия шартының қолданылу кезеңінде концессия құру пайдасын қамтамасыз етуге және (немесе) оның объектісін пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайлар құру мақсатында концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерінің құнын бағалау үшін пайдаланылады. 3. Концессияның белгілі бір объектісіне концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау мемлекеттік қолдаудың сол немесе өзге түрін мемлекет бергенге дейін жүзеге асырылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|