|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта: Тікелей нәтижеде: жетінші абзацтағы «10 дана ауасүзгі» деген сөздер «15 дана ауасүзгі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта: Тікелей нәтижелерінде: он екінші абзацта: «26 жұмыс станциясы» деген сөздер «31 жұмыс станциясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «2 коммутатор» деген сөздер «4 коммутатор, 1 ламинатор» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |