|
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
1996 жылғы 18 қазандағы № 41-1 ҚР Заңымен бекітілді
Осы Шартқа қол қойған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, бұдан әрi - Тараптар, жалпы таныған халықаралық құқық принциптерi мен нормаларын, достық, тату көршiлiк қарым-қатынасты дамыту және Достастыққа қатысушы мемлекеттер шекарасында қауiпсiздiктi өзара қамтамасыз етуге жәрдемдесу ниетiн басшылыққа ала отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген мемлекеттермен шекараны күзетуде ынтымақтастықтың қажеттiгiн мойындай отырып, БҰҰ Жарғысының ережелерiн, ОБСЕ принциптерiн, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң ережелерiн, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, шекара мәселелерi жөнiнде Тараптар қабылдаған және олар үшiн заң күшi бар басқа құжаттарды ұстанатындығын қуаттай отырып, мыналар жөнiнде келiстi:
Осы Шарттың мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген терминдердiң мынадай мағынасы бар: Шекара - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген мемлекеттермен мемлекеттік шекара учаскелерi. Қолбасшылар кеңесi - Шекара әскерлерi қолбасшыларының кеңесi. Шекара әскерлерi - Тараптардың шекара әскерлерi.
Тараптардың Шекараны күзетудегi мақсаты: Шекара күзетiн Тараптардың мүддесiн ескере отырып қамтамасыз ету; халықаралық және iшкi терроризмге, сепаратизм мен ұлтшылдықтың кез-келген көрінiсiне, наркобизнеске, астыртын көшi-қонға, қару-жарақтың, оқ-дәрiнiң, радиоактивтi, улы және психотроптық заттардың, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңдары мен халықаралық шарттар әкелуге, әкетуге тыйым салған басқа да заттар мен жүктердi заңсыз жылжуына қарсы тиiмдi күрестi қамтамасыз ету; Тараптардың шекара мәселелерi жөніндегі ынтымақтастығы мен заңдарының жақындасуы үшiн шарттық-құқықтық базаны дамыту болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|