| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы
1996 жылғы 22 қарашадағы № 43-I ҚР Заңымен бекітілді, 1997 жылы 5 сәуірде күшіне енді
Төменде «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі Уағдаласушы екi Тараптың арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту ниетiмен, Уағдаласушы бiр Тараптың инвесторлары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында күрделi қаржыландыруды жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайлар жасау ниетiмен, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау Уағдаласушы Тараптардың экономикалық дамуына жәрдемдесетiнiн мойындай отырып, төмендегi мәселелер туралы уағдаласты:
АЙҚЫНДАМАЛАР
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн: 1. «Инвестициялар» терминi Уағдаласушы бiр Тараптың инвесторлары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында соның заңдарына сәйкес салатын мүлiктiк игiлiктердiң барлық түрлерiн және оларды иелену құқықтарын, атап айтқанда, бiрақ айрықша емес: - жылжымалы және жылжымайтын мүлiк пен соған байланысты басқа да кез-келген мүлiктiк құқықтарды, соның iшiнде кепiлдiктердi, аманаттарды, сервитуттарды, ипотекаларды; - акцияларды, пай жарналарын, облигацияларды және Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының заңдарына сәйкес тiркелген кәсiпорындарға, акционерлік қоғамдарға және заң жүзiнде танылған өзге де заңды ұйымдарға қатысудың басқа да кез-келген нысандарын; - зайымдарды, несиелердi, нысаналы банк және қаржы салымдарын және инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты өзге де ақшалай талаптарды; - авторлық құқықпен қорғалған объектiлердi қоса парасат меншiгi объектiлерiн иелену құқықтарын, патенттердi, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн, гудвиллдердi, фирмалық атауларды, өнеркәсiптiк үлгiлердi, шаруашылық құпиялары мен «ноу-хауларды»; - табиғи ресурстарды барлау, өндiру мен пайдалану жөніндегі концессияларды қоса заңға сәйкес концессияларды иелену құқықтарын, сондай-ақ заңмен, келісім-шартпен немесе заңға сәйкес өкiмет шешiмiмен берiлген басқа да құқықтарды; - табыстар мен негiзгi борыш төлемдерiн және несие келісімдерi бойынша төленетiн проценттердi керi инвестициялауды бiлдiредi. Аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап Мемлекетiнiң заңдарына және басқа да нормативтiк актілеріне сәйкес рұқсат етiлген инвестиция нысанының өзгеруi оның инвестиция ретіндегі сипатын өзгертпейдi. 2. «Инвестор» терминi Уағдаласушы Тараптарға қатысты: а) Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң заңына сәйкес оның азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларды; б) Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң қолданылып жүрген заңдарына сәйкес құрылған кез-келген заңды ұйымды бiлдiредi. 3. «Табыстар» терминi: инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде және соларға байланысты ақшалай немесе заттай нысанда алынған қаражатты, соның iшiнде пайданы, дивидендтердi, кәсiпорынды басқарғаны, техникалық қызмет көрсеткенi үшiн берiлетiн сыйақыны және басқа да кез-келген заңды табыстарды бiлдiредi. 4. «Аумақ» терминi: - Қазақстан Республикасына қатысты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын, соның iшiнде еркiн экономикалық аймақтарды, халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан Республикасы өзiнiң егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асырып отырған құрылықтық шельф пен жер қойнауын; - Румынияға қатысты - Румынияның аумағын, соның iшiнде аумақтық теңiздi, сондай-ақ Румыния өзiнiң заңдарына және халықаралық құқыққа сәйкес өзiнiң егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асырып отырған ерекше экономикалық аймақты бiлдiредi.
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң аумағында басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларды ынталандырып отырады және өзiнiң заңдарына сәйкес бұл инвестицияларға рұқсат етедi. 2. Егер Уағдаласушы Тараптың бiрi өз аумағында инвестициялар салуға келісім берсе, ол өзiнiң заңдары мен реттемелерiне сәйкес осы инвестицияға байланысты қажеттi рұқсаттар, соның iшiнде оның таңдауы бойынша ұлтына қарамастан басқару және техникалық персоналды жалдау жөнiнде құқық бередi.
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары үшiн әдiлеттi әрi тең құқықты жағдай жасалуын қамтамасыз етедi және өкiмзорлық немесе кемсiтушiлiк шаралар арқылы осы инвестицияларды басқаруға, қызмет iстеуiне, пайдалануға немесе иелiк етуге қысым жасамайтын болады. 2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң аумағында инвестицияларға қатысты өзiнiң төл инвесторларының инвестицияларына немесе үшiншi елдердiң инвесторларының инвестицияларына жасалатын жағдайдан қолайсыз болмайтын жағдайды қамтамасыз етедi. 3. Осы Баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалатын ең қолайлы жағдай Уағдаласушы Тарап: а) еркiн сауда аймағына, кеден немесе экономикалық одаққа қатысуына байланысты; б) қосарланған салық салуды болғызбау туралы Халықаралық Келісімнiң немесе салық салу мәселелерi жөніндегі басқа да уағдаластықтардың; в) шекара маңындағы сауда мәселелерi жөніндегі уағдаластықтың негiзiнде көрсетiп отырған немесе болашақта көрсететiн артықшылықтарға қолданылмайды.
ЭКСПРОПРИАЦИЯ
1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларының инвестицияларын реквизициялауға, национализациялауға, экспроприациялауға немесе реквизиция, национализация, экспроприация (бұдан әрi - экспроприация) секiлдi зардаптары болатын өзге де шараларға ұшыратуға болмайды, бұған экспроприация қоғамдық мүдделерде жүзеге асырылатын және: - заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес; - кемсiтусiз; - бара-бар және тиiмдi өтемақыны дереу төлей отырып жүргiзiлетiн жағдайлар қосылмайды. 2. Өтемақы экспроприацияланатын инвестицияның экспроприация жүзеге асырылатын сәттiң тiкелей алдындағы немесе алдағы экспроприация туралы мәлiм болардың алдындағы нақты нарықтық құнына, қайсысы бұрын болатынына қарай, тең болуға тиiс. 3. Өтемақы Ұлттық банктiң қолданылып жүрген проценттiк ставкасына сәйкес келетiн және аталған Келісімнiң осы Бабының 2-тармағында көрсетiлген уақыт пен өтемақыны төлеу уақыты арасындағы кезең үшiн есептелген проценттердi қамтуы тиiс. Өтемақы инвестиция қай валютада жүзеге асырылса, сол валютада, болмаса, инвестордың келісімiмен, кез-келген басқа валютада төленедi. Өтемақы шет елдерге шектеусiз және басы артық кiдiрiссiз аударылуы тиiс.
ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ
Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында соғыстың немесе басқа да қарулы жанжалдың, төтенше жағдайдың, азаматтық қақтығыстардың немесе осындай жағдаяттардың салдарынан инвестицияларына залал келтiрiлген Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларына олардың жоғарыда көрсетiлген жағдаяттардың салдарынан шеккен залалының орнын толтыру кезiнде өзiнiң инвесторларына, болмаса үшiншi елдердiң инвесторларына қатысты қолданылатын жағдайдан қолайсыз болмайтын жағдай жасалады. Бұл сомалар шет елге еркiн аударылуы тиiс. ИНВЕСТИЦИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕМДЕРДI АУДАРУ
1. Уағдаласушы Тараптар инвестицияларға байланысты барлық қаражат аударымдары аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың заңдарында белгiленген рәсiмге сәйкес еркiн және басы артық кiдiрiссiз жүзеге асырылатынына кепiлдiк бередi және бұл рәсiмде: - мұндай аударымдарды еркiн аударым құқығының өзi бұзылмайтын болуын ескере отырып рәсiмдеу ережелерi; - аударылатын сомадан салықтарды, алымдарды ұстап қалу; - қарызгерлердiң заңды құқықтарын қорғау немесе сотта қараудың барысында шығарылған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету көзделуi мүмкiн. Осы Бапта көрсетiлген рәсiм әдiлеттi және кемсiтпейтiндей болуы тиiс. Осы Келісімде аударымдар, атап айтқанда, бiрақ айрықша емес: - осы Келісімнiң 1-Бабының 3-тармағында айқындалған табыстарды; - инвестициялар ретiнде Уағдаласушы Тараптардың екеуi де таныған зайымдарды өтеуге төленген соманы; - инвестордың инвестицияларды iшiнара немесе толық жоюдан, не сатудан алған сомасын; - осы Келісімнiң 4 және 5-Баптарына сәйкес зиян мен залалдардың өтемақыларын қамтиды. 2. Аударымдар валюта заңдарына сәйкес аударым күнi қолданылып отырған бағам бойынша еркiн айналыстағы валютамен басы артық кiдiрiссiз жүзеге асырылады.
НЕҒҰРЛЫМ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҚАҒИДАТЫ
1. Егер кез келген Уағдаласушы Тараптың заңдарында басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы Келісімде көзделгеннен неғұрлым қолайлы жағдай жасайтын ереже бар болса, бұл ереже, егер онда неғұрлым қолайлы жағдай бар болса, осы Келісімдегiден басым болады. 2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап оның аумағында жүзеге асырылған немесе басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар бойынша өзiне қабылдап алған кез-келген басқа да мiндеттемелердi сақтап отыратын болады.
СУБРОГАЦИЯ
Егер Уағдаласушы Тарап немесе ол өкiлеттiк берген қандай да болсын институт өз Мемлекетi инвесторларының кез-келгенiне инвестицияға байланысты жасалған кепiлдiк немесе сақтандыру шеңберiнде төлемдер төлесе, басқа Уағдаласушы Тарап бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа немесе оның инвесторына инвесторға тән кез-келген құқықтарды немесе талаптарды қайта берудi танитын болады. Инвестордың құқықтарын өздерiне алған Уағдаласушы Тараптың немесе оның қандай да болсын институтының инвестор пайдаланып отырған құқықтарға және, инвестордың осылайша сақтандырылған инвестицияға байланысты мiндеттемелерiне қатысты ескертпе жасай отырып, дәл сондай көлемдегi дәл сондай құқықтарды талап етуге құқығы бар. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР АРАСЫНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
1. Осы Келісімнiң ережелерiн пайымдауға және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар дипломатиялық арналар бойынша шешiлiп отырады. 2. Егер Уағдаласушы Тараптар дау шыққан уақыттан кейiн алты айдың iшiнде келісімге келе алмаса, дау Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң талап етуi бойынша құрамында үш мүшесi бар төрелiк сотқа берiледi. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы бiр төрешiден тағайындайды, ал тағайындалған төрешiлер Уағдаласушы Тараптардың екеуiмен де дипломатиялық қатынастар ұстап отырған үшiншi мемлекеттiң азаматы болып табылатын төраға сайлайды. 3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi төрешiнi тағайындамаса және басқа Уағдаласушы Тараптың мұндай тағайындауды екi айдың iшiнде өткiзуге шақыруымен келiспесе, төрешiнi осы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша Гаага қаласындағы БҰҰ-ның Халықаралық сотының Президентi тағайындайды. 4. Егер екi төрешi олар тағайындалған уақыттан бастап екi айдың iшiнде төрағаны сайлауға қатысты келісімге келе алмаса, оны Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң өтiнiшi бойынша Халықаралық соттың Президентi тағайындайды. 5. Егер осы Баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда Халықаралық соттың Президентi аталған қызметтi орындай алмайтын болса, немесе, егер ол Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, онда мұндай тағайындауды Вице-президент жүргiзедi, ал егер ол да тиiстi қызметтi орындай алмаса немесе Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, онда тағайындауды Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiреуiнiң азаматы болып табылмайтын Халықаралық соттың дәрежесi бойынша ең жоғары судьясы жүргiзедi. 6. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы басқа қаулыларды бұзбастан, төрелiк сот өзiнiң рәсiм ережелерiн белгiлейдi. Төрелiк сот шешiмдi көпшiлiк дауыспен шығарады. 7. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң сот мүшесiнiң қажетiне жұмсалатын, сондай-ақ өзiнiң рәсiмдегi үлесiне сәйкес шығындарды көтерiп алады, төрағаның қажетiне жұмсалатын шығындар мен өзге де шығындарды Уағдаласушы Тараптар тең бөлiп өтейдi. 8. Соттың шешiмдерi түпкiлiктi және Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi болып табылады.
УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАП ПЕН БАСҚА УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТЫҢ ИНВЕСТОРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
1. Уағдаласушы Тарап пен басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторы арасындағы инвестицияға қатысты дауды шешу мақсатында мүдделi Тараптар арасында келiссөздер жүргiзiледi. 2. Егер келiссөздер шешiмдi талап еткен күннен бастап алты айдың iшiнде шешуге әкелiп соқтырмаса, Тараптар дауды шешу үшiн: а) аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыретi сотына; немесе б) мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң тұлғалары арасындағы инвестициялар жөніндегі дауларды реттеу жөніндегі Келісімде көзделiп, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол үшiн ашылған инвестициялар жөніндегі дауларды реттеуге арналған Халықаралық орталыққа (ICSID); немесе в) егер Тараптар арасындағы дауда өзгеше келісілмесе, халықаралық сауда құқығы жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Комиссиясының (UNCITRAL) төрелiк ережелерi шарттарында шақырылатын Төрелiк сотқа бере алады. 3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап инвестициялар жөніндегі дауларды халықаралық төрелiкке беруге келiседi. 4. Төрелiк сотта iс қарау немесе төрелiк соттың шешiмдерiн атқару кезiнде дауға қатысушы Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторы келтiрiлген залал үшiн сақтандыру негiзiнде iшiнара немесе толық өтемақы алғанын дәлел ретiнде алға тартпайды.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Уағдаласушы Тараптар халықаралық келісімдердiң күшiне енуiне қатысты Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдарында көзделген құқықтық рәсiмдердiң орындалуы туралы ноталар алмасады. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар өзара ноталар алмасқан уақыттан бастап 30 күннен соң күшiне енедi. 2. Осы Келісім күшiне енгеннен кейiн 10 (он) жыл бойы күшiнде болады және оның қолданылу күшi осы Баптың 6-тармағына сәйкес тоқтатылмайынша күшiнде бола бередi. 3. Осы Келісімнiң ережелерi, ол күшiне енген сәттен бастап, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап (Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуы) жүзеге асырылған инвестицияларға қолданылады. Солай бiрге Келісім ол күшiне енгенге дейiн туындаған дауларға қолданылмайтын болады. 4. Осы Келісім қолданылу күшiн тоқтатқанға дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келісімнiң бұның алдындағы барлық Баптарының ережелерi ол қолданылу күшiн тоқтатқан уақыттан бастап 10 (он) жыл бойы күшiнде қала бередi. 5. Осы Келісімге Тараптар арасындағы жазбаша келісім бойынша түзетулер енгiзiлуi мүмкiн. Егер Тараптардың әрқайсысы олар осы Баптың 1-тармағында көзделген рәсiмге сәйкес осындай түзетудi күшiне енгiзуге кедергi келтiрген өз рәсiмдерiнiң барлығын реттегенiн басқа Тарапқа хабарлаған болса, кез-келген түзету күшiне енуi тиiс. 6. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарапты алғашқы тоғыз жыл өткен соң немесе содан кейiнгi кез-келген уақытта осы Келісімнiң қолданылу күшiне тоқтату туралы күшiнде болу мерзiмiнiң аяқталуынан бiр жыл бұрын жазбаша хабардар ете алады. Егер Келісімнiң қолданылу күшiн тоқтату туралы ресми нота хабарланбаса, Келісім жаңартылды деп есептеледi. Осыны куәландыру ретiнде бiздер, тиiстi өкiлеттiгi бар өкiлдер осы Келісімге қол қойдық.
1996 жылғы «25» сәуiрде Бухарест қаласында әрқайсысы қазақ, румын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана етiп жасалды, бұл орайда барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келісімнiң ережелерiн пайымдауда алшақтық пайда болған жағдайда Келісімнiң орыс тiліндегі мәтiнi басым болады.
ҚАЗАҚСТАН РУМЫНИЯНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ҮШIН ҮКІМЕТІ ҮШIН
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |