|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 689 және
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 689 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 27, 283-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде: 13-тармақтағы «мүлік» деген сөзден кейін «, жария ету субъектісінің мүлікті жария еткені үшін алым төлегені және мүлікті жария еткені үшін алым төлеушілер болып табылмайтын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 27, 287-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесінде: 3-тармақтағы «2006 жылғы 30 желтоқсанда» деген сөздер «2007 жылғы 1 сәуірде» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Мүлікті жария еткені үшін алым (бұдан әрі - алым) төлеу туралы шешімді жария ету субъектісі дербес қабылдауы тиіс. Жария ету субъектілері алымды жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап және жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез келген уақытта төлейді."; 8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім қабылдайды"; 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тарту туралы шешім қолданыстағы заңнама нормаларына жасалған сілтемемен дәлелденуге тиіс."; бірінші абзацтағы «Құжаттарды одан әрі қарау» деген сөздер «Жылжымайтын мүлікті жария ету» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "Жария етілген жылжымайтын мүлік объектісіне арналған техникалық паспортты жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар ресімдейді."; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Жария ету субъектісіне жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді беру Ереженің 11-тармағында көрсетілген ресімделген құжаттармен бірге комиссияға өтініш жасалған күннен бастап екі айдан кешіктірмейтін мерзімде жүргізілуге тиіс.» ; 16-тармақтағы «мүлік» деген сөзден кейін «, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеушілер болып табылмайтын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақтағы «1 сәуірге» деген сөздер «1 шілдеге» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |