«Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiн
1997 жылғы 16 шiлдедегі № 164-1 ҚР Заңымен бекітілді 1998 жылы 12 қаңтарда күшіне енді
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, бұдан әрi Тараптар деп аталады, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiн құру туралы қол жеткен Келісімдi жүзеге асыру жөніндегі қажеттi жағдайларды жасау мақсатында, жоғарыда аталған Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiстi. 1-баптың 1-тармағындағы "бiрлескен" деген сөзден кейiн "мемлекетаралық" деген сөзбен толықтырылсын. Осы тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Банктiң құрылтайшы-мүшелерi Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы болып табылады". 1-баптың 2-тармағы мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын: "Банктiң жоғары органы акционерлердiң жалпы жиналысы (өкiлдердiң жиналысы) болып табылады" (әрi қарай мәтiн бойынша). 1-баптың 2-тармағына "Тараптардан" деген сөзден кейiн мынадай редакциядағы толықтыру енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесi Атқарушы комитетiнiң төрағасы және Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің президентi". 1-баптың 2-тармағындағы соңғы сөйлем алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Банктi құру және Банктiң қызметiн тоқтату, Банкке жаңадан мүше қабылдау, Жарғылық жарнаны көбейту және Банктiң президентiн бекіту акционерлердiң жалпы жиналысымен шешiледi. Банктiң қызметiне байланысты басқа барлық мәселелердi Банк Кеңесi шешедi". 2-баптың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|