|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
ҚР 1998 жылғы 11 желтоқсандағы № 314-I Заңымен келісім бекітілді
Бұдан былай Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Инвестиция қызметi саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негiзгi ережелерiн дамыта отырып, екi Уағдаласушы Тараптың өзара тиiмділігі үшiн ұзақ мерзiмдi негiзде экономикалық ынтымақтастықты күшейтудi қалай отырып, бiр Уағдаласушы Тараптың инвесторлары үшiн екінші Уағдаласушы Тарап аумағында қолайлы жағдай жасауға және қолдауға ниет бiлдiре отырып, осы Келісім негiзiнде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау екi жаққа тиiмдi сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуға жәрдемдесетiнiн мойындай отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаты үшiн: 1. "Инвестициялар" термині бiр Уағдаласушы Тарап инвесторының екiншi Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес оның аумағындағы мүлiктiк және интеллектуалдық құндылықтарының барлық түрiн қамтиды және атап айтқанда: а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiк, сондай-ақ онымен байланысты кез келген басқа мүлiктiк құқықтар; б) ақша қаражаты, сондай-ақ акциялар, салымдар және қатысудың басқа да түрлерi; в) экономикалық құндылықтар жасау үшiн салынатын ақша қаражаты немесе инвестицияға байланысты экономикалық құндылығы бар қызметтер бойынша талаптар құқығы; г) интеллектуалдық меншiк объектiлерiн иеленуге ерекше құқықтар (авторлық құқықтар, өнертапқыштық құқық, өнеркәсiптiк үлгiлер, пайдалы модельдер, тауарлық белгiлер немесе қызмет көрсету белгiлерi, фирмалық атаулар, технология, коммерция құндылығы бар ақпарат және ноу-қау); д) заң немесе шарт негiзiнде көрсетiлетiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығы. Мүлiктiк құндылықтар салынатын немесе қайта қаржыландырылатын нысандардың қандай да бiр өзгертiлуi инвестициялар жүзеге асырылған мемлекеттiң аумағындағы Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмейтiн болса, ондай өзгерту олардың инвестиция ретіндегі сипатына әсерiн тигiзбейдi. 2. "Инвестор" термині Уағдаласушы Тараптардың әр қайсысына қатысты мынадай ұғымдарды бiлдiредi: а) Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында оның заңдарына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыруға құқы бар кез келген жеке тұлға; б) осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылған кез келген заңды тұлға ол үшін осы заңды тұлғаның өзiнiң Уағдаласушы Тарабының заңдарына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыруға құқы болуға тиiс. 3. "Кiрiстер" терминi осы баптың 1-тармағына сәйкес инвестициялар нәтижесiнде алынған қаржыны бiлдiредi және оған атап айтқанда: пайда дивидендтер, проценттер, лицензиялық және комиссиялық сыйақылар, сондай-ақ басқа сыйақылар кiредi. 4. "Уағдаласушы Тараптың заңдары" терминi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарын бiлдiредi.
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының өз мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыруын көтермелейдi және өз заңдарына сәйкес осындай инвестицияларға рұқсат бередi. 2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз заңдарына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын құқықтық қорғауға кепілдiк бередi.
Инвестициялар режимi
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға және осы инвестицияларға байланысты қызметке инвестицияларды басқаруға және оларға билiк жүргiзуге кедергi келтiруi мүмкiн кемсiтушiлiк сипаттағы шараларды қолдануды болдырмайтын әдiлеттi және тең құқықты режимдi қамтамасыз етедi. 2. Осы баптың 1-тармағында айтылған режимнiң қолайлылығы инвестицияларға және өз инвесторларының немесе кез келген үшiнші мемлекеттiң инвесторларының инвестицияларына байланысты қызметке жасалатын режимнен болмайды. 3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап шетелдiк инвесторлардың қызметiн болдырмайтын немесе оны шектейтiн қызмет саласын және ауқымын анықтау құқын өзiнде қалдырады. 4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалатын мейлінше қолайлы режим: а) еркiн сауда аймағына, кеден немесе экономикалық одаққа қатысуға байланысты; б) қосарланған салық салуды болдырмау келісімiнiң немесе салық салу мәселелерi жөніндегі басқа да уағдаластықтардың негiзiнде Уағдаласушы Тараптар жасайтын немесе жасамақ болып отырған артықшылықтарға қолданылмайды.
Негізгі персонал
1. Уағдаласушы Тарап өзiнiң азаматтары болып саналмайтын адамдардың келуiне, болуына және жұмысына қатысты өз заңдарына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторы болып саналатын жеке тұлғаларға және осы Уағдаласушы Тараптың заңды тұлғалары жалға алған негiзгi (басшы, әкiмшiлiк, техникалық) персоналдың инвестицияларға байланысты қызметтi жүзеге асыру мақсатында оның мемлекетiнiң аумағына келуiне және сонда қалуына рұқсат етедi. 2. Уағдаласушы Тарап өзінің заңдарына сәйкес өз мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асырған екiнші Уағдаласушы Тарап инвесторларына қай елдің азаматы екендiгiне қарамастан таңдауы бойынша негiзгi персоналды өз мемлекетiнiң аумағынан жалдауға рұқсат етедi.
Заңдардың жариялылығы мен қолдану мүмкіндігі
Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияға қатысты немесе оның мәселесiн қозғайтын өзiнiң заңдарын түсінуге көмектесу мақсатында мұндай заңдардың жариялылығын және қолдану мүмкіндiгiн қамтамасыз етедi.
Зиянның өтелуi
Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында соғыс, азаматтық тәртiп бұзушылық немесе сол секiлдi өзге жағдайлардың салдарынан инвестицияларына зиян келтiрiлген бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларына екiншi Уағдаласушы Тарап өзiнің инвесторларына немесе кез келген үшінші мемлекеттiң инвесторларына осындай зиянның орнын толтырудың кез келген түрiне қатысты жасайтыннан қолайлылығы кем болмайтын режим жасалатын болады.
Экспроприация
1. Бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының екіншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырылған инвестициялары экспроприацияланбайды, мемлекет меншігіне алынбайды немесе оларға экспроприация немесе мемлекет меншiгiне алу сияқты шаралар (бұдан былай - экспроприация деп аталады) қолданылмайды, бұған мұндай шаралар заңдарда белгiленген тәртiппен қоғам мүддесi үшiн қолданылатын, кемсiтушiлiк болып саналмайтын және тез, барабар әрi тиiмдi өтемақы төленетiн жағдайлар қосылмайды. 2. Өтемақы экспроприацияланған инвестициялардың экспроприацияның iс жүзiнде жүзеге асырылғандығы немесе алдағы уақытта жүзеге асырылатындығы туралы ресми мәлiм болған күнге дейiнгi нарықтық құнына сәйкес келуге тиiс. Өтемақы еркiн айналымдағы валютамен кiдiрiссiз төленедi және бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына еркiн аударылады. Төлем жасау күнiне дейiн өтемақы сомасына LIBOR ставкасы бойынша процент есептеледi.
Төлемдердiң аударымы
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларына барлық салықтық мiндеттемелердi орындағаннан кейiн инвестицияға байланысты төлемдердi, атап айтқанда: а) инвестициялардың бастапқы сомасы және инвестицияларды қолдауға және арттыруға қажеттi қосымша соманы; б) кiрiстердi; в) Уағдаласушы Тараптар инвестиция ретiнде мойындаған заемдардың өтеуiне төленетiн соманы; г) инвесторлардың инвестицияларды ішінара немесе толық таратуына немесе сатуына байланысты алынған соманы; д) осы Келісімнiң 7-бабында көзделген өтемақыны; е) инвесторлардың және бiрiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларға байланысты жұмыс iстеуге рұқсат етiлген екiншi Уағдаласушы Тараптың негiзгi қызметкерiнiң алатын жалақысы және басқа сыйақыларды шет елге кедергiсiз аударуға кепілдiк бередi. 2. Төлемдердi аудару еркiн айналымдағы валютамен аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың қолданыста жүрген валюталық реттеуiне сәйкес аударым күнi қолданылатын валюта бағамы бойынша кiдiрiссiз жүзеге асырылады.
Суброгация
Инвесторға коммерциялық емес тәуекелдiң болмауына кепiлдiк негiзiнде оның екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы инвестицияларына байланысты төлем жасайтын Уағдаласушы Тарап немесе ол уәкiлеттiк берген орган суброгация тәртібімен инвестордың құқығын тура инвестордың өзi жүзеге асырған көлемде жүзеге асыра алады. Мұндай құқықтар екiншi Уағдаласушы Тарап заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторының арасындағы дауларды шешу
1. Инвестицияларға байланысты Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап арасында туындайтын кез келген дау осы Келісімнiң 7-бабында көзделген өтемақының мөлшерiне, шарттарына немесе төлеу тәртібіне, немесе осы Келісімнің 8-бабында көзделген төлемдердi аударуды жүзеге асыру тәртібіне қатысты дауларды қоса алғанда егжей-тегжейлi түсiндiрмелерi бар жазбаша хабарламаның тақырыбын құрайды, ол түсiндiрмелердi инвестор дауға қатысатын Уағдаласушы Тарапқа жiбередi. Дауласушы Тараптар мұндай дауды мүмкіндігінше келiссөздер жолымен шешуге ұмтылады. 2. Егер осы баптың 1-тармағында айтылған жазбаша хабарлама жiберiлген күннен бастап алты айдың ішінде дау осындай жолмен шешілмейтiн болса, онда ол инвестордың таңдауы бойынша мыналардың қарауына берiледi: а) инвестиция жүзеге асырылған мемлекеттiң аумағындағы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты немесе төрелiк соты; б) дауласушы тараптар келiскен жағдайда Сауда палаталарының бiреуiнiң халықаралық төрелiк соты; в) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқы жөніндегі (ЮНСИТРАЛ) Комиссиясының Төрелiк регламентiне сәйкес аd hoc төрелiк соты. 3. Төрелiк соттың шешiмi дауласқан екi жақ үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мұндай шешiмдi өзiнiң заңдарына сәйкес келтiрудi мiндетiне алады.
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды шешу
1. Уағдаласушы Тараптар арасындағы осы Келісімдi түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар келiссөздер жолымен шешiледi. 2. Егер дау осындай жолмен реттелмейтiн болса, онда ол кез келген Уағдаласушы Тараптың талабы бойынша аралық соттың қарауына берiледi. 3. Мұндай аралық сот әрбiр нақты жағдай үшiн былайша құрылады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап аралық iстi қарау туралы хабарламаны алған күннен бастап екi айдың iшiнде аралық соттың бiр мүшесiн тағайындайды. Содан кейiн соттың осы екi мүшесi үшiнші мемлекеттiң азаматын сайлайды, ол екі Уағдаласушы Тарап келісімiмен соттың басқа екi мүшесi тағайындалған күннен бастап бiр ай iшiнде соттың Төрағасы болып тағайындалады. 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде қажеттi адамдар тағайындалмайтын болса, өзге уағдаластықтар жоқ болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi Халықаралық Соттың Төрағасына қажеттi адамдарды тағайындау жөнiнде өтiнiш айта алады. Егер Халықаралық Соттың Төрағасы Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болса немесе басқа себептерден аталған мiндеттi атқара алмайтын болса, онда қажеттi адамдарды тағайындау Халықаралық Сот Төрағасының орынбасарына ұсынылады. Егер Халықаралық Сот Төрағасының орынбасары Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болса немесе басқа себептерден аталған міндеттi атқара алмайтын болса, онда қажеттi адамдарды тағайындау Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысының азаматы болып табылмайтын, Халықаралық Соттың одан кейiнгi лауазымы жоғары мүшесiне ұсынылады. 5. Аралық сот өзiнiң шешімiн көпшiлiк дауыспен қабылдайды. Ондай шешiм Уағдаласушы Тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болып табылады. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзi тағайындаған сот мүшесiнiң қызметiне және аралық iстi қараудағы өзiнiң өкiлдiгiне байланысты шығындарды, Сот Төрағасының қызметiне байланысты шығындарды көтередi, сондай-ақ басқа шығындарды Уағдаласушы Тараптар тең бөлiп көтередi. Бiрақ сот өзiнiң шешiмiнде Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң көтеретiн шығындарының үлесi үлкен болуын көздей алады және мұндай шешiм Уағдаласушы Тараптар үшiн мiндеттi болып табылады. Аралық сот өзiнiң жұмыс тәртібін өздiгiнше белгiлейдi.
Консультациялар
Уағдаласушы Тараптар кез келгенінің өтініші бойынша осы Келісімдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты мәселелер жөнiнде консультациялар өткiзедi.
Келісімiң қолданылуы
Осы Келісім 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң инвесторлары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырған барлық инвестицияларға қолданылады. Осы Келісімнiң ережелерi ол күшiне енген күннен бастап осы Келiсімнің 10 және 11-баптарында сөз болған дауларға қатысты қолданылады.
Басқа ережелердің қолданылуы
1. Егер мәселе бiр мезгiлде осы Келісіммен және Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келісіммен реттелетiн болса, онда осы Келiсімдегі ешбiр нәрсе Уағдаласушы Тараптарға немесе олардың кез келген екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асырып жатқан инвесторларына өздерiнiң жағдайына қарай анағұрлым қолайлы болып табылатын ережелердің артықшылығын пайдалануға бөгет жасамайтын болады. 2. Егер Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларына олар өзара жасасқан контракттардың ережелерiне сәйкес жасаған режим осы Келісім жасаған режимнен әлдеқайда қолайлы болатын болса, онда соңғы Уағдаласушы Тарап инвесторларына анағұрлым қолайлы режим жасалады.
Келісiмнің күшiне енуi және қолданылу мерзiмi
1. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар Келiсімнiң күшiне енуiне қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi. 2. Осы Келісім он бес жыл бойында қолданылады. Осы мерзiм бiткеннен кейiн, ол Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң осы Келісімнiң қолданысын тоқтату туралы ниетiн жазбаша хабарлаған күннен бастап он екi ай өткенге дейiн күшінде қалады. 3. Уағдаласушы Тараптардың өзара жазбаша келісімi бойынша осы Келісімге өзгерістер енгiзiлуi мүмкiн. Кез келген түзету оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi. 4. Осы Келісiмнiң қолданысы тоқтатылған күнге дейiн жүзеге асырылған және осы Келісімнiң күшi жүретiн инвестицияларға қатысты осы Келісімнiң 1-ден 14-ке дейiнгi баптарының ережелерi сол күннен кейiнгi келесi он бес жыл бойы күшiнде қалады. Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 шілдеде екі түпнұсқа данада, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды және де екi мәтiннің күшi бiрдей. Пікір алшақтықтары туған жағдайда орыс тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметін үшін "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Анықтама парақ
1. Заң жобасының бастамашысы Қазақстан Республикасының (органның толық атауы) Үкіметі 2. Заң жобасын дайындау жөніндегі құрылған жоқ жұмыс тобының құрамы 3. Заң жобасы жөніндегі бас Халықаралық істер, қорғаныс комитет және қауіпсіздік жөніндегі комитет 4. Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні 23.10.1998 ж. 5. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттерінің қорытындылары 6. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің, ведомстволардың, басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қорытындылары 7. Заң жобасының ғылыми жүргізілген жоқ сараптамасы 8. Заң жобасы бойынша баяндама Қазақстан Республикасы жасау кімге тапсырылды Инвестициялар жөніндегі комитетінің атқарушы директоры Ә.Ғ. Сәйденовке 9. Балама жобалардың болуы жоқ 10. Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентіне тапсырылған күні 11. Парламенттің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері 12. Жобаны пысықтау және оны екінші оқылымға әзірлеу тапсырылған бас комитет (комиссия) басқа орган 13. Заң жобасын халықтық талқылауға ұсыну және оның мерзімі ұсынылған жоқ 14. Комитеттің заң жобасы Жөніндегі қорытындысы (екінші оқылымның алдында) 15. Заң жобасын Парламенттің екінші оқылымда қарауы және оның нәтижесі 16. Заңның күшіне ену уақыты 17. Басқа да белгілер
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің" қазақ тіліне аударылу сапасы бойынша Қорытынды
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған осы аталмыш Келісімнің мәтінін қазақ тіліне аудару барысында бірқыдыру терминологиялық және стилистикалық кемшіліктер мен олқылықтарға жол берілген. Сөзіміз дәлелді болуы үшін нақты мысалдар келтірейік. Келісім кіріспесінің төменнен екінші абзацындағы « ... развитию взаимовыгодного торгово-экономического и научно-технического сотрудничества» деген тіркес « ... екі жаққа тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуға ...« деп қате аударылған, дұрысы былай болуы керек: «өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ...«. 1-баптың мәтінін түгелдей қайта аударып немесе мұқият редакциялап шығу керек. Өйткені осы бапта Келісімде жиі кездесетін терминдерге берілген анықтамалар қате аударылғандықтан, бұл бүкіл мәтіннің тәржімалану сапасына кері әсерін тигізген. Бұған мысал ретінде осы баптың 1-тармағының ғана аудармасын алайық. Осында аударма техникасында олқылыққа жол берілгенін былай қойғанда, аудармашы не редактор мағыналық қателікке ұрынған. Осы тармақты: «Осы Келісімнің мақсаттары үшін: 1. «Инвестициялар» термині бір Уағдаласушы Тарап инвесторының екінші Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес оның аумағындағы мүліктік және интеллектілік құндылықтарының барлық түрін және, атап айтқанда:» деп бастап, алғашқы үш тармақшаның соңғы сөздерінің соңына табыс септігінің жалғауы қосылып, д) тармақшасы «асыруға берілетін құқықты қамтиды.« деп аяқтау керек еді. 2-тармақтың аудармасында да осы секілді қате айға таңба басқандай көрініп тұр. Нақ осындай стилистикалық олқылыққа 10-баптың 2-тармағының аудармасында да жол берілген. 11-баптың 1-тармағындағы « ... будут разрешаться путем переговоров» деген сөз тіркесі « ... келіссөз жолымен шешіледі» - деп, 15-баптың 4-тармағы «4. Осы келісімнің қолданысы тоқтатылған күнге дейін жүзеге асырылған және осы Келісімнің күші жүретін инвестицияларға қатысты осы Келісімнің 1-ден 14-ке дейінгі баптарының ережелері сол күннен кейінгі он бес жыл бойы күшінде қалады.« - деп аударылған, жатық оқылмайды. Келісім мәтінінде көп қолданылатын «интеллектуальной», «право», «внутригосударственных», «контракт» деген сөздер қате тәржімаланған, оларды «интеллектілік», «құқық», «ішкімемлекеттік», «келісім-шарт» деп аудару қажет. Келісімнің кейбір баптары атауларының қате аударылғанын атап өткеніміз жөн. Мәселен, 4, 6, 8-баптардың атауларын «Негізгі қызметкерлер», «Залалды өтеу», «Төлемдерді аудару» деп алған дұрыс болар еді. Қысқасы, осы секілді олқылықтар әр бап сайын кездеседі десек, ағат айтқандық болмайды. Айталық, Келісімнің ең соңғы бабындағы «6 июля 1998 года» деген сөздер «1998 жылғы 6 шілде» деп қате аударылған. Осы тіркесті «1998 жылғы 6 шілдеде» деп тәржімалау керек. Тіпті Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қарауына ұсынылып отырған осы Келісім атауының өзі оған қатысты Заң жобасы мен Үкіметтің қаулысында және Келісімнің өзінде әртүрлі алынған. Мәселен, алғашқы екеуінде оның атауы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы ...« деп басталса, соңғысында «Қазқстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ...« деп тәржімаланған. Қорыта айтқанда, Келісімнің қазақша мәтініндегі осы аталған және басқа да кемшіліктер мен олқылықтарды түземейінше, бұл құжатты Мәжіліс депутаттарының қарауына ұсынуға болмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |