Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және
"Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кірігуі туралы хаттама күшіне енген күнінен бастап осы Шарттың қолданысы тоқтатылды
1997 жылғы 31 қазандағы № 181-1 ҚР Заңымен бекітілді 1997 жылы 22 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерi болып табыла отырып, халықаралық қауымдастықтың дүниежүзiнде бейбiтшiлiк сақтау үшiн жоғары жауапкершiлiгiне ортақтаса отырып, дүниежүзiнiң түрлi аймақтарында жоғары шиеленiс әлеуетiнiң болуын назарға ала отырып, БҰҰ-ның дағдарыстарды реттеу, соғыс қатерiн болдырмау және бейбiтшiлiктi сақтау жөніндегі күш-жiгерiне бiрлескен үлес қосуға ұмтыла отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1. Тараптар БҰҰ-ның әскери және бiтiмгершiлiк күштерi қызметiнiң принциптерi бойынша миссиясын орындау үшiн Орталық Азия бiтiмгершiлiк күштерi батальоны деп және бұдан әрi қарай Орталықазбат деп аталатын БҰҰ-ның аясында ұжымдық бiтiмгершiлiк батальонын құруға өздерiне мiндеттемелер алады. 2. Орталықазбаттың құрылымы, командованиесi және басшылығы, сондай-ақ батальон iшiнде жауапкершiлiктердiң шектелуi Тараптар арасындағы келісім бойынша айқындалатын болады. 3. Орталықазбат Тараптардың әскери қызметшiлерi мен әскери дайындықтан өткен азаматтары қатарынан келісім-шарт және ерiктілік негiзіндегі жеке құрамнан құралады. 4. Орталықазбаттың сандық құрамы Орталықазбаттың құрылымы мен құрамына сәйкес және БҰҰ Миссиясымен келісіле отырып, Тараптардың келісімi бойынша айқындалатын болады.
1. Орталықазбаттың жеке құрамын даярлау және жаттықтыру мақсаттарында Тараптар бiр-бiрiмен келiсе отырып, тиiстi ұлттық бiтiмгершiлiк бөлiмшелерiн құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|