Коммуналдық инженерлік жүйелерді коммуналдық тауарды жеткізушілерге беру туралы (2005.28.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және қалалық коммуналдық шаруашылықты 2005-2006 жылдардағы күзгі-қысқы мерзімге дайындығын жандандыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қалалық қаржы департаменті (Қ. Қ. Тәжібаев) 2005 жылдың 1 қарашасына дейін белгіленген тәртіпте: 1) бос кдлған инженерлік жүйелерді Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдап алсын; 2) қабылдап алынған бос инженерлік жүйелерді коммуналдық тауарды монополист-жеткізушілердің жарғы капиталына берілсін: «Алматы Пауэр Консолидейтед» акционерлік қоғамына, «Алматыкоммунэнерго» акционерлік қоғамына және шаруашылық жүргізу кұқығындағы «Суарна» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына. Алматы қаласы әкімдігінің 2005.28.07. № 4/465 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ (М. Т. Дұлқайыров), «Алматыжылукоммунэнерго» АҚ (Ю. Э. Айрих), «Суарна» МКК (В. А. Зуев) коммуналдық желілерді қабылдап және олардың техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етсін. 2. Алматы қалалық құрылыс департаменті (К. Қ. Үсенов) белгіленген заң тәртібінде бос қалған инженерлік жүйелердің жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуші болып анықтасын. 3. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (Л. А. Васильева) жыл сайын қаланың бюджетінде ЖСҚ және коммуналдық инженерлік жұйелерде апатты-қалпына келтіру жұмыстарын әзірлеуге қаражатты қарастырсын. 4. Осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында құрамы қосымшаға сәйкес Алматы қаласы бойынша бос қалған инженерлік жүйелерді Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдап алу жөнінде жұмыс комиссиясы құрылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|