|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 ж. «15» қарашадағы № 498 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізу әдістемесі
1. Мемлекеттік қадағалауды іске асыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленген және мемлекеттік метрологиялық қадағалау нәтижелерін дайындау, жүргізу және рәсімдеу тәртібін белгілейді. 2. Осы әдістеменің ержелері техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) және оның мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыруға уәкілетті аймақтық бөлімшелеріне таратылады.
3. Осы Әдістемеде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсініктер қолданылады. Оларға қосымша мынадай түсініктер қолданылады: мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор (бұдан әрі - мемлекеттік инспектор) - белгіленген тәртіпте аттестатталған, сәйкес аймақта мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыратын уәкілетті орган және оның аймақтық бөлімшелерінің маманы; тексерілетін субъект - заңды немесе жеке тұлға, немесе тексеруден өтетін олардың уәкілетті өкілі; өлшем құралдарын инспекциялық салыстырып тексеру - мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізу кезіндегі мемлекеттік инспектормен жүргізілетін салыстырып тексеру. иеліктен шығарылатын тауарлар - сауда операцияларын жүргізу кезінде тауарлардың бір заңды немесе жеке тұлға меншігінен басқа заңды немесе жеке тұлға меншігіне өтеді, бұл кезде тауар көлемі салмақ, көлем, шығын немесе басқа да сипаттағы шамаларды өлшеу нәтижесінде анықталады. бума тауарлар - сатып алушы жоқ кезде оралатын және желімденетін бума тауарлар, сонымен қатар бума ішіндегілер оны ашу немесе пішінін өзгертусіз өзгертілмеуі тиіс, ал тауар бумасындағылар көлемін көрсететін салмақ, көлем, ұзындық, аудан немесе басқа да шамалар бумада көрсетілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|