|
|
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кейбір мәселелерi (2007.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Стройастес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) қызметкерлерін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) беруші болып белгіленсін. 2. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен: ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 703 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен Агенттіктің Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілетін қызметкерлері үшін саны 93 бірлік тұрғын үй-жайды (пәтерді) республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен төлеу жолымен жалпы сомасы 1193876000 (бір миллиард бір жүз тоқсан үш миллион сегіз жүз жетпіс алты мың) теңгеге: 2006 жылы - 229080000 (екі жүз жиырма тоғыз миллион сексен мың) теңге сомасындағы бастапқы жарнаны аванс ретінде енгізуге; 2007 жылы - тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) құнын 964796000 (тоғыз жүз алпыс төрт миллион жеті жүз тоқсан алты мың) теңге сомасында түпкілікті төлеуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын; 2) осы мақсаттарға бөлінген республикалық бюджеттің қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 781 қаулысында: 4-тармақ алынып тасталсын; 2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында: көрсетілген қаулыға 379-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 6-жолда «Астана қаласына көшірілетін қызметкерлер үшін жаңа тұрғын үй сатып алу.» деген сөздер «Агенттіктің Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілетін қызметкерлері үшін саны 56 бірлік жаңа тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаны енгізу.» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |