Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № Осы редакция 2006 ж. 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мынадай шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттік нөмiрi 109-2-жолдағы «республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздің алдынан «Орталық» деген сөзбен толықтырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 7 шiлдедегі № 1068 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 30, 275-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітiлген Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекция туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы «Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау департаментiнiң деген сөздер «Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау жөнiндегі департаментi» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ «үшін жүзеге асырылады» деген сөздердің алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "қызметі төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекелімен байланысты Өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздік декларациясымен келісу". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|