Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Иордан Хашимиттік
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 522 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимиттік Корольдігінің Үкіметі, екі ел халықтарының арасындағы дәстүрлі достық қатынастарын нығайтуға және теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарының негізінде екі жақты сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға ниет білдіре отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар екі жақты сауданы дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және бұл үшін өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және жалпылай танылған халықаралық құқық нормаларына сәйкес барлық жағдайларды жасайды.
2-бап
1. Тараптар сауда ынтымақтастығын дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасау мақсатында бір-біріне өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мыналарға: а) экспортқа және\немесе импортқа салынатын кеден баждарына және басқа да алымдарына; b) кедендік тазартуды, транзитті, қоймаға жинауды және қайта тиеуді қоса алғанда, импорт пен экспортқа қатысты ресмиліктерге; с) импортталатын тауарларға қатысты қолданылатын салықтарға және басқа ішкі алымдарға; d) өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес экспортқа және/немесе импортқа лицензияларды беруге қатысты барлық мәселелер бойынша неғұрлым қолайлы ұлттық режим ұсынады. 2. Неғұрлым қолайлы режимі мыналарды қамтымайды: а) шекара маңы саудасын және тасымалдауды жеңілдету үшін Тараптардың бірінің көршілес мемлекеттерге беретін артықшылықтар; b) Тараптардың әрқайсысы мемлекетінің кеден одағындағы, еркін сауда аймағындағы немесе сауда-экономикалық қатынастың өзге нысандарындағы мүшелілігінің негізінде үшінші мемлекетке ұсынатын артықшылығы.
3-бап
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|