|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 472-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесінде: 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөніндегі қызметтерге сертификаты бар ұйымдар берген, әуе кемесінің ресурсын анықтайтын құжаттың түпнұсқасы.». 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |