2006 ж. 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 9-баптын редакциясы
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды 9-бап. Республика Президентінің Парламентке қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Парламентке кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды; 2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Сенаттың өкiлеттiк мерзiмiне Сенаттың жетi депутатын тағайындайды; Сенаттың тағайындалған мүшелерi өкiлеттiгiнен айырылған немесе олардың өкiлеттiгi тоқтатылған жағдайда он күн мерзiм iшiнде шығып қалғандардың орнына қалған мерзімге Сенат депутаттарын тағайындайды; 3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады; 4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды; 5) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады; 6) Парламент сессияларын ашады; 7) Парламент сессияларының аралығындағы кезеңде өз бастамасы бойынша, Палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысын шақыра алады, онда мәжілістi шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн; 8) Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күнi iшiнде қол қояды, заңды халыққа жария етедi не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн қайтарады; егер Парламент әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен бұрын қабылданған шешiмдi растайтын болса, заңға жетi күннiң iшiнде қол қояды; 9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жоба беруге хақылы; 10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау жөнiнде, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгізуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы; 11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар; 12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжіліс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжілісiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады; 13) Конституцияда көзделген жағдайларда және тәртiппен Парламенттi таратып жiбере алады. |