|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында: 09 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» ішкі функциясында: 205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» әкімшісі бойынша: 001 «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша: 001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «230843» деген сандар «225143» деген сандармен ауыстырылсын; 017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «3110» деген сандар «8810» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында: көрсетілген қаулыға 72-1-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 4-жолда: «өнімдерге ілесу» деген сөздер «өнімдерді құру және сүйемелдеу» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жергілікті жүйені монтаждау және дәлдеп келтіру, спутниктік байланыс жүйесі арқылы ақпараттық және мультимедиялық контентті беру жөніндегі қызметтер.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |