«Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу салтанатты рәсімін
Осы редакция 2006 ж. 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясын өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми түрде кірісу жағдайы жөніндегі салтанатты іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес толық көлемде іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етсін, ресми делегацияларды, қонақтар мен шақырылғандарды, сондай-ақ мәдени бағдарламаны қамтамасыз ететін адамдарды орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырсын. 2. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына - ресми делегацияларды, қонақтар мен шақырылған адамдарды ресми қабылдауды, орналастыруды және оларға көліктік қызмет көрсетуді дайындауға және өткізуге, олардың Алматы - Астана - Алматы бағыты бойынша жол жүруіне, сондай-ақ басқа да ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге 160000000 (бір жүз алпыс миллион) теңге; Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне - іс-шаралар шеңберінде мәдени бағдарламаны өткізуге 68000000 (алпыс сегіз миллион) теңге бөлінсін. Қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтерді беруші болып белгіленсін. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасымен және Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми түрде кірісу жағдайы жөніндегі салтанатты іс-шараларға келетін шетелдік ресми делегацияларға қызмет көрсету үшін өкілдік сыныбындағы автокөлік құралдарын бөлсін. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми түрде кірісуіне арналған салтанатты іс-шараларды өткізуге астананы дайындау мен безендіруді; қала объектілерін салтанатты рәсімге қатысушылардың баруы үшін дайындауды; қаланың Орталық алаңындағы мерекелік іс-шараларға астана тұрғындары мен қонақтарының қатысуын қамтамасыз етсін. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясына арналған іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді ұйымдастырсын. 6. Шақырылғандар мен қонақтарды қабылдауға жауапты министрліктер мен ведомстволар бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде оларға көліктік және өзге де қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|