Осы редакция 2006 ж. 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация (2005.11.10. берілген толықтырулармен) 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi - Комитет) iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң құзыретi шегiндегi ведомство болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттік саясатты iске асыру және мемлекеттік басқару, азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметiн, ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiктi бақылау болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттің негiзгi функциялары және құқықтары 10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: ұшу қауiпсiздiгiн және авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру; король әулетiнiң адамдарын, мемлекеттер, үкiметтер басшылары мен олар басқаратын делегацияларды тасымалдауға арналған ұшуларды дайындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi, олардың тiркелгенi туралы тиiстi куәлiктер берудi қамтамасыз ету, әуе жолдары мен әуеайлақтарының тiзiлiмiн әзiрлеу және жүргiзу; азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға қарсы iс-қимыл шараларын, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң басқа да шараларын әзiрлеу және ұйымдастыру; азаматтық авиациядағы жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс бойынша белгiленген iс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру, мүдделi мемлекеттік органдармен авиация тасымалдарын орындау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау; мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты, оның iшiнде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкiлеттігін жүзеге асыру, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде әуе кеңiстігін пайдалану және азаматтық авиация қызметi саласындағы халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру; ұшу қауiпсiздiгі мен авиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтардың есебiн жүргiзу; өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау; азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру; ҚР Үкіметінің 2005.11.10. № 1017 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды қамтамасыз ететiн функциялар: өз құзыретi шегiнде авиация персоналының кәсiби даярлығы деңгейiне қойылатын талаптарды, ұшу құрамын оқытуды инспекциялау бағдарламаларын, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерiнiң жекелеген санаттары үшiн айырым белгiлерiн белгiлеу; авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламаларын бекіту; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде азаматтық авиация әуе кемелерiн бастап (алып) жүрудi ұйымдастыру; киім нысанының үлгiлерiн (погонсыз) және айырым белгілерiн, нысандық киім кию тәртібін, олармен қамтамасыз ету нормаларын және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекіту; авиациялық персоналдың шетел мемлекеттерi берген куәлiктерiн жарамды деп тану жөнiнде қорытындылар беру; азаматтық авиация саласында көрсетiлетiн қызметтердi сертификаттауды ұйымдастыру мен жүргiзу және тиiстi сертификаттар беру; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша әуе жолдарын (оның iшiнде халықаралық) ашу туралы шешiм қабылдау; азаматтық және эксперименталдық авиацияның аттестаттауға жататын авиациялық персоналын аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу, тиiстi куәлiктердi беру және олардың мерзiмiн ұзарту; Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау; Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша халықаралық әуе рейстерiн орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыға қатысты уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкiмшiлiк құру; азаматтық авиация ұйымдарына авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру; азаматтық әуе кемелерiн сертификаттауды жүргізу және олардың түрiне және (немесе) данасына сертификат беру; Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығы сертификаттарын берудi, ауыстыруды және олардың қолданылу мерзiмiн ұзартуды, азаматтық әуе кемелерiнiң шетел мемлекеттерi берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын жарамды деп тану жөнiнде қорытындылар берудi жүзеге асыру; тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру; тұрақты ұшулар кестесiн бекіту; iшкi авиабағыттарды бекіту; авиабағытты пайдалану шарттарын белгiлеу; аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналын аттестаттаудан өткізу; азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кемелерiне Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшулар орындауға рұқсаттар беру; авиабағыттарға куәлiктер беру; азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығы нормаларын белгiлеу; әуеайлақтардың, тiкұшақ айлақтары мен ұшуларды жарық техникалық қамтамасыз ету объектiлерiнiң пайдалануға жарамдылығы нормаларын белгiлеу; азаматтық авиация саласындағы сертификаттық талаптарды белгілеу; Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегi радиосәулелену құралдарын мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту, олардың жарамдылық куәлiктерiн беру; азаматтық авиация саласындағы еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғауды, өндiрiс санитариясын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсету тәртібін белгiлеу; Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру тәртібін белгiлеу; әуежай қызметiн жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымдарының жұмыс тәртібін белгілеу; азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу тәртібін белгiлеу; әуе кемелерiн есептен шығару тәртібін бекіту; ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы саласында ұшу қауiпсiздiгiн, авиациялық қауiпсiздiктi ұйымдастыру тәртібін белгiлеу; Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы бортсерiктер қызметтерiнiң жұмыс тәртібін белгiлеу; Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының субъектiлерiн күзгі-қысқы (көктемгi-жазғы) кезеңдегi жұмысқа даярлау ережесін бекіту; әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жүйелерiне тәуелсiз аудит жүргiзу тәртібін белгiлеу; авиациялық техниканы, әуеайлақ, тiкұшақ айлағы, әуежай, аэронавигация объектiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қолданылатын арнайы жабдықтар мен арнайы көлiктердi техникалық пайдалану және жөндеу тәртібін белгiлеу; азаматтық авиация ұйымдарында электр қондырғыларын пайдалану тәртібін белгiлеу; азаматтық авиация ұйымдарында авиаотынмен қамтамасыз ету объектiлерiн пайдалану, жағар-жанармай материалдарының есебiн жүргiзу, есеп беру және жұмсау тәртібін белгiлеу; кәсiпорындардағы әуе кемелерiнiң, авиақозғалтқыштардың және олардың жиынтықтаушы бұйымдарының ресурстары мен қызмет ету мерзiмдерiн ұзарту тәртібін белгiлеу; ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының басшы қызметкерлерiн тағайындауға келісім беру; өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру; өз құзыретi шегінде реттелетiн салада бәсекелестiк ортаны дамытуға жәрдем көрсету; сертификаттық талаптардан рұқсат етiлген уақытша ауытқуларды бекіту; Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу; 3) азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметiн бақылауды қамтамасыз ететiн функциялар: әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың барлығы үшiн мiндеттi әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды реттейтiн ережелердiң, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуын бақылау; әуе кемелерiн пайдаланушылардың және азаматтық авиацияның өзгеде субъектiлерiнiң авиациялық персонал денсаулығының жай-күйi мәселелерi жөнiнде белгіленген талаптар мен нормаларды орындауын бақылау; азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын қамтамасыз етудi бақылау; ұшу қауiпсiздігі ережелерiнiң, авиациялық қауiпсiздiк ережелерiнiң және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын бақылау; халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау; әуеайлақ ауданындағы объектiлердiң таңбалануын жүзеге асыруды бақылау; әуе кемесi жай-күйiнiң пайдаланушыға берiлген ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылау; өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететiн заңдардың, ережелер мен рәсiмдердiң сақталуын бақылау; ұшу қауiпсiздігі мен авиациялық техниканы қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптардың орындалуын қадағалау, авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алуға және оларды тергеуге қатысу, өз құзыретiнiң шегiнде әуе кемелерiн, әуежайларды (әуеайлақтарды) және азаматтық және эксперименталдық авиацияның басқа да ұйымдарын пайдаланушылардың, сондай-ақ авиациялық персоналдың қызметiне инспекторлық тексерулер жүргізу. 11. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) әуе кеңiстiгiн пайдалану, әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелерi мен азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметiн реттейтiн жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қолданылып жүргендерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 2) азаматтық авиацияны, оларды iске асырудың ұйымдастырушылық және қаржылық тетiктерін дамыту, азаматтық авиация саласын дамытуға инвестициялар тарту үшiн шарттар мен басымдылықтарды қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 3) авиациялық техникаға, әуе қозғалысына қызмет көрсету құралдарына қойылатын талаптар мен техникалық шарттар жөнiнде, авиакөлік инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысын салу, оларды пайдалану мен қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, авиациялық қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiндегi еңбектi қорғау нормалары және экологиялық талаптар жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 4) өз құзыретi шегiнде халықаралық және шетелдiк ұйымдарда мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiруге; 5) әуе кеңiстiгiн пайдалануды, авиациялық құтқару iс-шараларын ұйымдастыруды, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етудi жүзеге асыруға; 6) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан қажеттi ақпаратты, құжаттарды, соның iшiнде өз функцияларын орындау үшiн қажеттi қаржылық құжаттарды сұратуға; 7) халықаралық ұшулар үшiн әуежайлар ашу туралы ұсыныстар енгізуге; 8) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификаттарын берудi, ауыстыруды және қолданылу мерзiмiн жарамдылығы сертификаттарын жарамды деп тану жөнiнде қорытынды берудi жүзеге асыруға; 9) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнiнде оларды орындау мерзiмін белгілей отырып, нұсқаулар мен инспекторлық ұйғарымдар беруге; 10) борттық құжаттаманың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін тексеруге; 11) авиациялық персоналдың куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақ және өзге де құжаттамаларды тексеруге; 12) авиабағыттарды субсидиялау жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 13) азаматтық авиация саласында сертификаттық зерттеуді және инспекторлық тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарына, авиациялық персоналдың қолданылып жүрген куәлiктерi бар, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн экипаж мүшелерiне, бортсерiктерге, инженерлiк-техникалық құрамға және ұшу кезiнде әуе кемесiнiң қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн персоналға ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісілгеннен кейiн халықаралық үлгiдегi сәйкестендiрiлген карточкаларды беруге; 14) азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн реттейтiн белгiленген нормаларды, ережелердi, стандарттарды және талаптарды бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдауға, азаматтық авиация саласындағы куәлiктердi (сертификаттарды) беруге және олардың қолданылу мерзiмiн тоқтата тұруға; 15) Қазақстан Республикасының аумағында әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін тиiстi мемлекет берген басқа мемлекеттiң пайдаланушысы сертификатын тануға; 16) өз құзыретi шегiнде әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн реттейтiн ережелер, нұсқаулықтар және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға құқығы бар. 12. Комитеттiң ұшуға рұқсаты бар лауазымды адамдары, белгiленген тәртiппен мамандығын көрсете отырып, ұшу тапсырмасының "Тексерушiлер" бағанына, ал мұндай рұқсаты жоқтар - "Қызметтiк жолаушылар" бағанына жазу жолымен әуе кемесi экипажы кабинасында болу құқығымен ұшу тапсырмасына енгiзiлуi мүмкiн. 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi, оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 14. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. 1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi; 4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 5) мемлекеттік органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi; 6) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 7) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң құрылымы Басшылық Авиакомпаниялардың қызметiн реттеу, әуе кеңiстiгін пайдалану, экономика және қаржы басқармасы Әуежайлардың қызметiн реттеу, әкiмшілiк-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар басқармасы Ұшу қауiпсiздiгiн мемлекеттік қадағалау басқармасы (Мемавиақадағалау)
|